• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 02:46:11
Алматы
+35°

«Туризмді, әсіресе экотуризм мен этнотуризмді дамытуға экономиканың маңызды саласы ретінде баса мән беру қажет.

Алтын Орданың 750 жылдығын төл тарихымызға, мәдениетіміз бен табиғатымызға туристер назарын аудару тұрғысынан атап өткен жөн.

Туризмді дамыту үшін қажетті инфрақұрылым жүргізуді, соның ішінде жол салып, білікті мамандар дайындауды қамтамасыз ету қажет». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында осылай деген болатын.

Бүгінде Жамбыл облысында туризм саласын дамыту мақсатында Жуалы ауданының аумағынан «Қаралма» тау-шаңғы базасының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Айта кетерлігі, кешен орны таңдалғанда қыс айларында қардың жеткілікті болуы ескерілген. Сонымен қатар, нысанның аумағында барлық маусымдық курорттық жүктемені қамтамасыз ететін жазғы демалыс түрлерін ұйымдастыруға да болады.

Бүгінгі таңда аумағы 274 гектар жер телімін құрайтын кешендегі құрылыс жұмыстары қарқынды. Онда электр қуатымен жабдықтау, газдандыру мен су құбырын жүргізу жұмыстары жүргізіліп қойған. Жалпы техникалық сипаттамалары бойынша арқан жолдың ұзындығы 2050 метрді, ал жаяу жүруге арналған жолдың ұзындығы 300 метрді құрайды екен. Бұл аумақта алдағы уақытта 20 коттедж, 100 орындық қонақ үй, 70 орындық 2 мейрамхана, 30 орынды кафе, бақылау алаңы, сервис орталық, веложолы бар спорт мектебі, 100 автокөлікке арналған 2 автотұрақ, бассейн және басқа да сауда және ойын-сауық орындары демалушыларға өз қызметін ұсынбақ.

– «Қаралма» тау-шаңғы базасы» туристік аймағының негізгі инвесторлары «Альтаис» ЖШС мен «ТаразСтрой-2004» ЖШС болып табылады. Ресейлік «Сноулифт» ЖШҚ компаниясы мен қазақстандық «RS Building» ЖШС компаниясы арқан жолдың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу үшін жобалау ұйымдары арқылы анықталған. Арқан жолдың жабдықтарымен қамту үшін әлеуетті жеткізуші ретінде Екатеринбург қаласындағы «Сноупром» ЖШҚ компаниясы таңдалды. Бүгінгі күнге жабдықтардың жеткізілуі толығымен іске асырылды. Арқан жолдың тіректерін монтаждау үшін анкерлерімен бірге іргетастары дайындалды. Алматылық «Antal Group» компаниясы «Қаралма» тау-шаңғы базасы» туристік аймағының ресторан, кафе, сервистік орталық, сүзгі өрістері мен қуат көзімен жабдықтау жүйелерінің құрылысы, газ және сумен жабдықталуы бойынша барлық жобалау жұмыстары толығымен аяқталған. Шымкенттік «City Engineering» ЖШС төменгі алаңға байланысты коттедждерді, ішкі инженерлік желілерді жобалаумен айналысуда, – деген облыстық туризм басқармасының бас маманы Салтанат Тулекова аталған жобаны іске асырудың арқасында ішкі және кіру туризмінің туристік ағындарының өсуі орта есеппен 45 мың адамға жетеді деп күтіліп жатқанын жеткізді. Сондай-ақ кешен құрылысы іске қосылған кезде туризмнің жалпы қосылған құны 43,2 пайызға, тиісінше облыстың жалпы өңірлік өнімдегі туризмнің үлесі 0,4 пайызға өсіп, 1,3 пайызды құрайды екен.

Нақтырақ айтқанда, қазіргі таңда мұнда «Айя-Сервис» 7 шақырымдық автожолдың құрылысын аяқтапты. Сонымен қатар асфальт төсеу жұмыстарын жүргізу үшін ұзындығы 2,68 шақырым болатын кіреберіс жолы кеңейтіліп, «Альтаис» компаниясы тарапынан ұзындығы 7 шақырымды құрайтын автожолдың жарықтандырылған. Газ және сумен қамтамасыз ету мәселелері толықтай шешіліп, нысанды ауыз сумен қамтамасыз ету үшін ұңғыма бұрғыланыпты. Орындықты арқан жолға қажетті 19 тіректің барлығы дерлік құйылып, жоғарғы және төменгі арқан жолдың станциясы, сондай-ақ қызмет көрсету орталығы мен техникалық бокстың құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұдан өзге туристік зонаның төменгі алаңшасында жобаға тартылған 20 инвесторлармен жоспарланған 20 коттедждің құрылысы да қызу жүргізілуде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір