• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:26:31
Алматы
+35°

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстан тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында жер ресурстарын тиімді пайдалану мәселесіне айрықша назар аударды.

«Жер ресурстарын тиімсіз пайдалану мәселесі өте өзекті болып отыр.

Жерге салынатын тікелей салықтар деңгейінің төмендігі жағдайды күрделендіре түсті.

Мемлекеттен жерді тегін жалға алу құқығына ие болғандардың көпшілігі жерді игермей, босқа ұстап отыр.

Елімізде «шөп қорыған иттің» кебін киген «латифундистер» көбейіп кетті.

Пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін қайтарып алатын кез келді. Жер – біздің ортақ байлығымыз және оны кім игерсе, соған тиесілі болуы тиіс»деді Мемлекет басшысы.

Қазіргі таңда Жамбыл облысында жер кадастрындағы мәліметтерге сәйкес 92 мың гектар жайылым жерлер бекітілген 364 жер пайдаланушылар тізімі жасалды. Облыс әкімдігі жер қатынастары басқармасының басшысы Бақтияр Көпбосыновтың айтуынша, осы жерлерді жер пайдаланушылармен келісе отырып ауылдық әкімдіктерге бекітіп беру арқылы 57 ауылдық округтер бойынша жайылымдарға сұранысты қанағаттандыруға болады. Мысалы, осы жылы Жуалы ауданында көрсетілген аумаққа кіретін 120 гектар жайылымның 100 гектары мемлекетке қайтарылды

Зерделеу нәтижесінде ауылшаруашылығы кәсәпорындары, шаруа-фермер қожалықтары, өзіндік қосалқы шаруашылықтар бойынша тіркелген мал басының есебі нақтыланды.

Алынған мәліметтерге сәйкес 2019 жылғы мал басы 1992 жылмен салыстырғанда қой-ешкі 4,238 мың, түйе 2,1 мың, басқа кеміген Мал басы туралы мәліметтерге және Ауылшаруашылығы министрлігімен бекітілген жайылымдар жүктемесіне сәйкес жайылымдарға қажеттілік есептелді.

Бұл орайда ең кө пқажеттілік облы стұрғындарының жеке иелігіндегі мал басы бойынша қалыптасып отыр.Осының салдарынан соңғы жылдары елдімекендер маңайындағы жайылымдарға жүктеме шамадан артып, бұл жерлер деградацияға ұшырауда.

Талдау нәтижесі облыс аудандарында иелігінде жайылым жерлері бар 5574 агроқұрылымдардың бірде-бір бас мал ұстамайтындығын көрсетті. Осының салдарынан елдімекендер маңындағы жайылымдарға жүктеме артып, бұл жерлер деградацияға ұшырауда.

Бүгінде облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасы осы бағыттарын жұмысын жандандыруда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір