• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 06:13:43
Алматы
+35°

Баршаға белгілі Елбасы-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында жеке сот орындаушылар институтын дамыту бойынша нақты міндеттер жүктелген болатын. Бұл міндеттер Жамбыл облысында да жүйелі жүзеге асуда.

Жамбыл облысында қазіргі таңда барлығы 87 жеке сот орындаушылары өз қызметтерін атқаруда. Оның ішінде Тараз қаласы 62 жеке сот орындаушысымен, Жамбыл облысының барлық аудандары 25 жеке сот орындаушыларымен қамтылған.

2019 жылдың бірінші жарты жылдығына жеке сот орындаушылары өндірісінде 82 106 886 454 теңгені құрайтын 151 492 атқару құжаты орындауда болған. Өткен жылы бұл көрсеткіш 65 536 312 775 деңгейінде қалыптасқан болатын. Ал атқару құжатының саны былтыр 110 473 болған. Биыл оның ішінде 11 346 380 212 теңгені құрайтын 39 634 атқару құжаты барлығы өндіріспен аяқталған. Жеке сот орындаушысымен 70 760 506 241 теңгені құрайтын 111 858 атқару құжаты орындауда қалды.

Есепті кезенде «Аяқталған атқарушылық өндiрiстердi жалпы санынан, толық көлемде орындалған атқарушылық құжаттарды үлесі» индикаторы бойынша 59,8 пайызды құрады.

Жалпы орындауда барлығы 3 250 өндірісте құжат болды,31 миллиард теңге көлемінде.

Осы кезеңде 31 миллиард теңгені құрайтын 842 атқару өндірісі аяқталған.

Есептік кезеңнің соңында 2 408 атқару өндірісі 30 миллиард теңгеге қалдық болып отыр.Өткен жылы бұл көрсеткіш 6,5 миллиард теңге көлемінде қалыптасқан болатын.

Жамбыл облысы әділет Департаменттің барлық аумақтық сот орындаушыларымен Қазақстан Республикасы Әімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің баптарымен қалалық, аудандық соттарға барлығы 147 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, қарау үшін жолданған. Оның ішінде 57 борышкерге 1 010 000 тенге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. 77 борышкер әкімшілік қамау түріндегі жауапкершілікке тартылған, 2 іс қысқартылған, 1 іс тоқтатылған.

Осылайша Елбасы-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында жеке сот орындаушылар институтын дамыту бойынша жүктелген міндеттер өз деңгейінде жүзеге асуда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір