• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 19:04:50
Алматы
+35°

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстан тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында жер ресурстарын тиімді пайдалану мәселесіне айрықша назар аударды.

«Жер ресурстарын тиімсіз пайдалану мәселесі өте өзекті болып отыр.

Жерге салынатын тікелей салықтар деңгейінің төмендігі жағдайды күрделендіре түсті.

Мемлекеттен жерді тегін жалға алу құқығына ие болғандардың көпшілігі жерді игермей, босқа ұстап отыр.

Елімізде «шөп қорыған иттің» кебін киген «латифундистер» көбейіп кетті.

Пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін қайтарып алатын кез келді. Жер – біздің ортақ байлығымыз және оны кім игерсе, соған тиесілі болуы тиіс»деді Президент.

Бүгінде Әулиеата өңірінде осы бағыттағы жұмыстар барынша жүйелі жүзеге асуда. Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының басшысы Бахтияр Көпбосыновтың айтуынша, 2018 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша облыстың жер қоры 14 426,4 мың гектарды құрайды. Оның ішінде ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер - 4589336 гектар; елді мекендердің жерлері –467166 гектар; өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс мақсатындағы жерлері – 173167 гектар; ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері – 11659 гектар; орман қорының жерлері – 4 430673 гектар; су қорының жерлері – 338 741 гектарға тең. Ал босалқы жерлер - 1 926 256 гектар болса, басқа мемлекет пайдаланып жатқан жер көлемі – 2 489 300 гектарды алып жатыр.

-Жер есебіне сәйкес облыстың жер қорының 65 пайызын несесе 9,4 млн гектардан астамын жайылымдық жерлер алып потыр.

Соған қарамастан, жайылымдарды пайдалануды реттеу бүгінде өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.

Аграрлық саланы реформалау барысында 1,7 млн гектардан астам жайылымдықтардың ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерден орман қорына ауыстырылғандығын айту керек,-дейді басқарма басшысы.

Әрбір елді мекен бойынша шаруашылықтардың барлық санаттарындағы мал басының есебі алынып, жайылым жерлерді нақтылау жүргізілген. Сондай-ақ әр ауылдық округ бойынша жалпы пайдаланымдағы жайылым жерлердің пайдалануға беріліп кеткен бөлігінің және елді мекендер аумағына жақын орналасқан (5-7 шақырым) жайылым жерлердің иелерін анықтау жұмыстары жүргізіліпті.

Талдау нәтижесі, 4 ауданның (Байзақ, Жуалы, Қордай, Меркі) 19 ауылдық округінде жалпы пайдаланымдағы 1,044 мың гектар жайылымдық 35 жер пайдаланушыға беріліп кеткендігін көрсетті.Бүгінде бұл бойынша тиісті шаралар атқарылуда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір