• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 01:47:59
+35°

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында туризм саласына зор көңіл бөлгені белгілі. Бұл тұрғыда Президент: «Туризмді, әсіресе экотуризм мен этнотуризмді дамытуға экономиканың маңызды саласы ретінде баса мән беру қажет.

Алтын Орданың 750 жылдығын төл тарихымызға, мәдениетіміз бен табиғатымызға туристер назарын аудару тұрғысынан атап өткен жөн.

Туризмді дамыту үшін қажетті инфрақұрылым жүргізуді, соның ішінде жол салып, білікті мамандар дайындауды қамтамасыз ету қажет» деп атап көрсетті.

Қазіргі таңда Жамбыл облысында туризмді дамыту бағытында тың бастамалар көтеріліп, жарқын жобалар жүзеге асуда. Соның бірі-Жуалы ауданындағы «Қаралма» тау-шаңғы базасының құрылысы.

Шыны керек, аймақта осыған дейін қысқы демалалыс орындары жоқтың қасы еді. Дегенмен облыс басшылығының бастамасымен Жуалы ауданында осы олқылықтың орнын толтыру үшін «Қаралма» тау -шаңғы базасы бой көтеруде. Облыста еш баламасы жоқ кешен өңір тұрғындарының қуанышымен қатар туристерді де тартудың тиімді жолы болмақ.

Бүгінде тау-шаңғы базасы құрылыс жұмыстарының басым көпшілігі аяқталған. Мұнда қонақ үй-котедждері, туристерге қызмет көрсету сервистік кешенінің құрылысы салынуда. Сондай-ақ жеті шақырымдық жол салынып, инфрақұрылым тарту жұмыстары қызу жүргізілуде. Керек құрал-жабдықтардың дені жеткізілген. Құрылыс басындағы жұмысшылар ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, күн-түн демей білек сыбана еңбектенуде.

Айта кету керек, мұнда қонақтар жыл он екі ай бойы демалуға мүмкіндік алады. Жаз мезгілдерінде саумалмен, қымызбен емдейтін, атпен серуен құратын орындар ашылады деп күтілуде.

Жалпы, нысан мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде салынуда. Жобаның жалпы құны 4 миллиард 867 миллион теңге. Туристік нысан «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» күрежолының бойынан 7 шақырым қашықтықта, Алатау тауының баурайында теңіз деңгейінен 1 600 метр биіктікте бой көтеруде. Сонымен қатар Алатау тауының ұшар басынан кешенге дейін 2 500 метр сырғанау жолағы түседі екен. Аспалы жолдың құрылысы да жүзеге асырылуда. Аспалы жол құрылысына қажетті қондырғылар Австрия елінен жеткізілген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір