• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:29:54
Алматы
+35°

Сапалы медициналық қызмет нақты бір өңірдегі халық жиі шалдығатын әрі өлім қаупі жоғары созылмалы ауру түрлерімен нәтижелі күрестен де көрінеді. Осы орайда елімізде 2013 жылдан бастап ауруларды басқару бағдарламасы жұмыс жасайды. Әлеуметтік мәнге әрі созылмалы аурулардан өлім-жітімді азайту мақсатында 2018 жылдан бастап барлық алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарына ауруларды бақсару бағдарламасы енгізілді.Пилоттық режимде облыс орталығындағы 3 емханаға енгізілген жүйенің тиімділігі байқалады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Тұтас мемлекет тұрғындарының денсаулығын сақтауға жауапты сан салалы медицина қызметі болғанымен әрбір адам өз денсаулығына ең алдымен өзі жауапты екенін ұмытпауы керек. Сол себептен де елімізде әлемдік тәжірибеге сай созылмалы ауруларды басқару бағдарламасы жүзеге асырылуда.

–Облыста үш нозология бойынша диспансерлік есепте тұратын 91 052 науқастың 26 829-ы ауруларды бақсару бағдарламасымен қамтылды Оның ішінде артериальды гипертониямен ауыратыны 21 196 науқас, қант диабетімен ауыратын 5060 адам қамтылған. Сонымен жүректің созылмалы жетіспеушілігі байқалатын 573 науқас та бұл бағдарламаға енгізілген. Әзірге бағдарламаның қамту көрсеткіші көрсеткіш 29,5 пайызды құрайды. Жыл соңына дейін көрсеткішті 30 пайызға жеткіземіз. Ауруларды басқару бағдарламасын енгізу бойынша 2019 жылы 2372 маманды оқыту жоспарланған. Ал басынан бергі 9 ай қорытындысында облыстан бұл бағдарлама бойынша 2758 маманды оқытып, жоспарды асыра орындай алдық,–дейді облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов.

Облыста ауруларды басқару бағдарламасы енгізудің алғашқы нәтижелері бойынша созылмалы жүрек ақауларымен емдеуге жатқызу жағдайлары 2,5 есе төмендеді. Ал науқастардың 70 пайызының артериялық қысымы тұрақтанды. Сол секілді қант диабеті бар пациенттердің 34 пайызында оң динамика байқалады. Мәселен бір ғана «Жанұя» емханасының өзінде аталған бағдарлама бойынша есепке алынған 537 адамның денсаулық жағдайы тұрақты бақылауға алынғанн

–«Ауруларды басқару» бағдарламасына ІІ және ІІІ сатыдағы артериялық гипертензиясы бар, ІІ типті қант диабеті, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, қауіп факторлары бар пациенттер қатыса алады. Бағдарлама көмегіне жүгінушілердің дені қарт кісілер. Күніне емханаға 15 науқас келіп тиімді тамақтану мен денсаулыққа қатысты кеңес ала алады, –дейді «Жанұя» емханасының әлеуметтік психологиялық көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі Гүлжан Иманбекова.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір