• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 15:08:25
Алматы
+35°

Сан түрлі саладан тұратын медициналық қызмет сапасын арттыру мәселесі қашанда өзекті. Әрі бұл бағыт мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріндегің ең негізгі фактор саналады. Ал бұл саладағы сапалы қызмет жедел көмекті жүйелі ұйымдастырудан көрінеді. Сол себептен де Жамбыл облысында жедел жәрдем көліктеріне GPS навигациямен біріктірілген «КӨМЕК» автоматтандырылған басқару жүйесі орнатылды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Дәл осы жүйенің орнатылуымен жедел жәрдем қызметіне түскен шақыртулар саны 5000-ға дейін азайды.

–Өткен жылы жедел жәрдем қызметі 6 787 шақыртуға кешігіп қызмет көрсетсе биыл мұндай шақыртулар саны 1882-ге дейін азайды. Ал тамыз айында «Жамбыл облыстық медициналық жедел жәрдем стансасы» қызметін мониторингілеу бойынша 3 жұмысшы тобы құрылды. Бұл шара кезінде 8 шақырту жасалып, нәтижесінде төрт кешігу фактілері анықталды. Жедел жәрдем қызметінің шақыртуға кешігуінің негізгі себептері жедел стансасынан кеш шығуы, диспетчердің жұмысы, көшелердің және үйлердің нөмерлерінің жоқтығы, жол жөндеу жұмыстары, үй алдындағы кедергілер, жүргізушілердің жол бермеуі сынды факторлардан орын алып отыр. Негізінінен түскен шақыртуларға денсаулық сақтау саласының мамандары 1-7 минут аралығында кешігіп жеткен. Сәйкесінше бұл мәселе облыс әкімінің салалық орынбасарының жіті бақылауына алынды. Денсаулықты қорғау жөніндегі үйлестіру кеңесінде жедел жәрдем қызметінің шақыртуларға жедел жетуін бақылау Тараз қаласы мен аудан әкімдерінің тікелей назарында болуы қажеттігі айтылды, –дейді облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов.

Жәдел жердемнің шақыртуға шұғыл жетуі науқастың өміріне араша болумен қатар қарапайым халықтың сала мамандарына сенімін де нығайта түседі. Сондықтан жедел жәрдем қызметін мінсіз ұйымдастыру жергілікті биліктің жіті назарында болады.Бригада мамандарын құрал-жабдықпен қамту ісіне басымдық та берілуі керек. Сол себептен де жедел көмек көрсететін жамбылдық медициналық ұйымдарға фармацевтикалық тоңазытқыш сатыпалуға 87 миллион теңгеге өтінім беріліп, ол өтінім мемлекеттік сатып алу заңнамасына сай қанағаттандырылу үстінде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір