• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 13:18:23
Алматы
+35°

Келер жылдан бастап елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізілетіні белгілі. Сәйкесінше осы жүйені енгізуге дайындық шаралары республиканың барлық өңірлерінде қарқынды жүргізіліп жатыр. Жамбыл облысында бұл жұмыстар коммуникативтік жоспар және осы бағытта 2019 жылдың тамыз - желтоқсан айларына арналған Жол картасына сай қолға алынды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бойынша ағымдағы жылға бектілген іс-шара жоспарына сәйкес өңірде негізінен ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жыл басынан беру облыстық, аудандық деңгейдегі басылымдардың беттерінде сақтандыруға қатысты 282 тақырыптық мақала жарияланды. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде 983 ақпарат орналастырылып, халыққа сақтандыру шаралары туралы ақпарат басылған 278 148 брошюра мен буклет қағазы таратылды.

–Үгіт насихат жұмыстарын жүргізудің ендігі бір бағыты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты арнайы дайындалған аудио және видеороликтер қала мен аудандарда халықтың көп шоғырланатын орындарға, әлеуметтік нысандарға орналастыру болды. Мұнан өзге облыс бойынша медициналық сақтандыруға қатысты 323 баннер мен 104 стенд орнатылды. Сала мамандарының қатысуымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары кезінде 1364 кездесу өткізілді. Бұл кездесулерге 739 284 мың адам қатысты. Яғни бұл осыншама жамбылдықтың ақпараттық түсіндіру жұмысымен қамтылғанын көрсетеді, –дейді облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жаманқұлов.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізуде облыстағы азаматтардың сақтандыру қорына аударым жасау мүмкіндігін зерделеу үшін олардың санаты анықталып жатыр. Статистикалық мәліметтер бойынша бүгінде 532 739 жамбылдық сақтандыру қорына аударым жасауға қабілетті. Олардың ішінде 506 921 адам жұмыспен қамтылған. Сонымен қатар 329 177 адам жалдамалы қызмет атқарса, 177 421 адам өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санатына жатқызылады. Ал 25 818 жамбылдық жұмыссыз ретінде тіркелсе 213 692 адам еңбек ресурсына жатпайды. Бұл деректердің барлығы сақтандыру қорына аударымдар жасау қабілетіне ие тұлғаларды тану және болжамды мәліметтер жинақтау үшін зерделеніп отырғанын айта кету керек.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір