• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:46:07
Алматы
+35°

Тараз қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Мұражайлар шеруі» республикалық акциясына қолдау білдіру мақсатында «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінде «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайының ұйымдастыруымен «Көне шаһардағы мың бір түн» театрландырылған қойылымы өтті. Қазан айының 18-жұлдызынан 19-жұлдызына қараған түнде кешкі сағат сегізден бастау алған қойылым таңғы сағат үшке дейін жалғасты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл шарада шаһар тұрғындары мен қонақтары ортағасырда көпестер мен қолөнершілердің қаласы атанған Тараздың тарихи бейнесін көзбен көруге мүмкіндік алды. Сондай-ақ бұл күні тараздықтар Қарахан мен Айша-бибі арасындағы тарихи махаббат дастанының бел ортасына енді. «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайының басшылығы «Көне шаһардағы мың бір түн» шарасы Жамбыл өлкесінің мәдениеті мен тарихының көпшілік біле бермейтін қырын танытуға арналғанын айтады. Сонымен қатар, олардың айтуынша бұл түнде мұражайдағы тарихи тұлғалар мен аңыз-әңгіме кейіпкерлерімен суретке түсуге де жағдай жасалды.

Айта кету керек бүгінде «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінде Қазақстанның киелі жерлерінің тізіміне енген Тараз қалашығына қазба жұмыстары аяқталып, қала орнына аспанасты мұражайы жасалынған. Біздің заманымыздың І ғасырдан бастап сауда-саттықтың, Ұлы Жібек жолы бойында мәдени-экономикалық байланыстың ірі ордасы болған Тараз қаласы қазақ тарихының түрлі кезеңдерін бастан өткерген. 2011 жылға дейін 1 ғасыр бойы бұл маңда Орталық базар қызмет көрсеткен. Археологиялық-ғылыми зерттеу жұмыстарына байланысты сауда орталығы көшірілді. Тарихшы ғалымдардың болжамы ә-дегеннен дұрыс шықты. Бүгінгі күнге дейін мұнда жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесінде 50 мыңға жуық жәдігер табылды. Сонымен бірге ғалымдар көне базардың орнынан ортағасырлық қамал мен VI-XІІ ғасырларға жататын мешіт, медресеның орнын тапты. Тіпті мұнда отқа табынушылардың арнайы орны болғандығы да анықталған.

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мұражайына дәл осы қазба жұмыстары кезінде табылған 2мыңға жуық жәдігерлер қойылған. Бұл жәдігерлердің тағы бір ерекшелігі олардың түрлі дәуірге жатуында. Сондай-ақ олардың Тараз өлкесінде үстемдік құрған әртүрлі мемлекеттердің кезінде әрқилы үлгімен соғылуы да қызығушылық туғызады.

Қазір мұражай маңынан «Шахристан» тарихи-мәдени кешенінің құрылысы жүргізілуде. Өз кезегінде бұл нысанды «Көне Тараз» археологиялық кешенімен бірігіп Қазақстандағы ең үлкен туристік орталыққа айналдыру жоспарланып отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір