• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 12:43:07
Алматы
+35°

Шағын және орта кәсіпкерлік-мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі. Өйткені, бизнес дамыса, елдің де еңсесі тіктеледі. Әлеуметтік әлеуеті артады. Сондықтан да болар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы-қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің кепілі» атты халыққа арнаған Жолдауында осы мәселеге тағы бір мәрте тоқталып, Үкімет пен әкімдерге нақты міндеттер жүктеді.

Бүгінде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының аймақтық филиалы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында тындырымды тірліктерге ұйытқы болуда. 2018 жылы «Еңбек» бағдарламасы бойынша 1 миллиард 232 миллион теңге бөлініп, Даму Қоры бұл қаражатты екінші деңгейлі 6 банкке орналастырған болатын. Атап айтқанда: «Сбербанк» ЕБ АҚ – 385,6 миллион теңге, «Қазахстан Халық Банкі» АҚ – 352,2 миллион теңге; «Forte Bank» АҚ - 220 миллион теңге; «АТФ Банк» АҚ – 130 млн. теңге, «Банк ЦентрКредит» АҚ - 100 миллион теңге; «Евразиялық банк» АҚ – 45 миллион теңге бөлініп, игерілуде. Бүгінде, осы бөлінген қаражат 99 пайыз игерілді. Нәтижесінде 109 жоба несиелендірілді. Соның ішінде Тараз қаласы бойынша – 99, Қаратау қаласы бойынша – 6, Жаңатас қаласы бойынша – 4 жоба бар.

Ал, ағымдағы жылы осы бағдарламаны іске асыру үшін 1 миллиард 036 миллион теңге бөлінді. Бүгінгі күні оның 550,0 млн. теңгесі «Сбербанк» ЕБ, «Қазахстан Халық Банкі», «Forte Bank» акционерлік қоғамдарына орналастырылған. Қалған 486,6 миллион теңге қаржы сомасы игерілуіне қарай орналастырылатын болады.

Осы бағдарламаны іске асқаннан бері облыста жалпы микронесие сомасы 2 миллиард 120 миллион теңгені құрайтын 189 жоба қаржыландырылды. Оның ішінде Қордың кепілдігімен 77 жоба, яғни бұл ретте олардың жалпы несие сомасы 825,1 миллион теңгені, ал Қордың кепілдігінің жалпы сомасы 425,7 миллион теңгені құрап отыр.

Ағымдағы жылдың 6 айында жалпы несие сомасы 791,5 миллион теңгені құрайтын 67 жоба қаржыландырылған. Оның 19 жобасы «Даму» Қорының кепілдігі көмегімен жүзеге асқан.

Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғаса беретін болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір