• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
14 Желтоқсан, 17:02:23
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

20 Қазан, 2019 Аймақтар

Қаржыландыру көлемі артуда

«Шағын, әсіресе, микробизнес еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқарады. Атап айтқанда, ең алдымен ауыл тұрғындарына тұрақты жұмыс береді, жұмыссыздықты азайтады. Сонымен қатар салық базасын құрап, жергілікті бюджетті нығайтады. Сондай-ақ жаппай кәсіпкерлікті дамыту санаға сіңген патерналистік пиғыл мен масылдықтан арылуға мүмкіндік береді. Елімізде кәсіпкерлікті дамытудың үлгі боларлық мысалдары жеткілікті. Біз шағын кәсіпкерлікті бүкіл қоғам болып қолдауымыз керек». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы-қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің кепілі» атты халыққа арнаған Жолдауында осылай деп атап көрсетіп, қадай-қадау міндеттерді айқындап берген болатын.

Мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолайлы жағдайлардың нәтижесінде Жамбыл облысында шағын және орта кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып келеді. Бұған әрине, мемлекеттік бағдарламалардың тигізіп жатқан шарапаты мол. Сонымен қатар аймақта өңірлік бағдарламалар да өз нәтижесін беруде. Мысалы, «Береке-2» бағдарламасы аясында 2017 жылы Жамбыл облысының әкімдігі мен «Даму» Қоры қаражат пулын 1,0 миллиард теңгеге дейін ұлғайту туралы шешім қабылдады. Оның 500,0 миллион теңгесі Жамбыл облысының әкімдігінің қаржы есебінен болса, ал қалған 500 миллион теңге «Даму» Қорынан бөлінді. Көрсетілген қаражат 4 банкке орналастырылды. Нәтижесінде «Береке-2» бағдарламасы шеңберінде 40 кәсіпкердің жобасы қаржыландырылды.

Ал 2018 жылғы «Береке-3» бағдарламасын іске асыру үшін 1,5 миллиард теңге мөлшерінде пул құрылды. Онда 500,0 миллион теңге Жамбыл облысы әкімдігі қаражаты есебінен, ал 1,0 миллиард теңге «Даму» Қорының тарапынан бөлінді. Бөлінген қаражат екінші деңгейдегі банктерде орналастырылды. Қазіргі уақытта бөлінген қаражаттың 1 216 миллион теңгесі игерілді, оның есебінен 45 кәсіпкер жеңілдетілген несиеге ие болды.

Өңірлік бағдарламаның тиімділігін ескере отырып, Жамбыл облысы әкімдігімен осы бағдарламаны ағымдағы жылы жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді.

Осылайша, биылғы жылы "Береке-4" бағдарламасын іске асыру үшін тағы да 1,0 миллиард теңге мөлшерінде қаржы пулы құрылды, онда 500,0 миллион теңге әкімдік қаражаты есебінен, ал 500,0 миллиард теңге – «Даму» Қоры есебінен бөлінді. Қазіргі уақытта бөлінген қаражат "Қазақстан Халық банкі"АҚ орналастырылды. Жалпы, «Береке-4» бойынша облыста шамамен 40-қа жуық кәсіпкерлерді қаржыландыру жоспарланып отыр.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір