• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 10:47:19
Алматы
+35°

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстан тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне айрықша тоқталған болатын. Бұл тұрғыда 2010 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының тигізіпі жатқан көмегі көп.

Бағдарлама іске аса бастаған кезеңнен бері қарай «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы 800-ден астам жамбылдық кәсіпкерге қолдау көрсетілген. Оның ішінде субсидиялау құралы бойынша 2010 жылдан бастап 2019 жылдың бірінші жартыжылдығын қоса алғанда жалпы несие сомасы 100 миллиард 400 миллион теңгені құрайтын барлығы 889 жоба субсидияланған. Ал осы жобалар бойынша «Даму» Қоры тарапынан субсидия ретінде төленген қаржының көлемі 9 миллиард теңгені құрап отыр. Ал, ағымдағы жылдың бірінші жартылығында жалпы несие сомасы 3,4 миллиард теңгені құрайтын 73 жоба субсидияланып, олар бойынша 529 миллион теңгеден астам қаржы субсидия ретінде төленді.

Кепілдендіру құралы бойынша: Жалпы, 2010 жылдан бері осы күнге дейін барлығы 369 жоба бойынша Даму Қоры тарапынан кепілдендірілді, бұл облысымыздың кәсіпкерлеріне жалпы алғанда 11 миллиард 900 миллион теңге несие алуларына мүмкіндік берді, бұл ретте Даму Қорының берген кепілдіктерінің жалпы сомасы 4,3 миллиард теңгені құрады.

Оның ішінде, ағымдағы жылдың алты айында жалпы несие сомасы 1 миллиард 447 миллион теңгені құрайтын 40 кепілдендіру шартына қол қойылды, онда «Даму» Қоры шығарған кепілдіктердің жалпы сомасы 435,6 мллион теңгені құрап отыр.

Ал қаржылай емес қолдау құралы бойынша 2013 жылы консультациялық қызметтерді көрсету үшін Даму Қоры жанынан Кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылды. Орталықтың жұмысы Даму Қорының бағдарламаларын ғана емес, сонымен қатар «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымдарының да мемлекеттік қолдау құралдары бойынша кеңес беру болып табылады.

Осылайша, Орталық ашылғанынан бері кәсіпкерлерге және кәсіпкерлік әлеуеті бар халыққа 21 мыңнан астам кеңес беріліп, оның 1000-нан астамы ағымдағы жылы орын алды.

Осылайша орталық оңды істерге ұйытқы болуда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір