• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
06 Желтоқсан, 06:32:29
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

21 Қазан, 2019 Аймақтар

Орталықтың оңды қадамы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті өзінің «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты халыққа Жолдауында: «Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру – жемқорлыққа қарсы әрекеттік және мемлекеттік органдардың қызметіне азаматтардың сенімділігін арттырудың басты аспектісі» деп атап көрсетіп, бұл мәселеге ерекше назар аударған болатын.

Мемлекеттік сектордың басталған реформаларына негізделе отырып, Қазақстан мемлекеттік басқарудың сапалы жаңа үлгісін орнатуда, ондағы мемлекеттік басқаруды қалыптастыру процесінің басты бағыттарының бірі мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін қалыптастыру және дамыту болып келеді.

Баршаға белгілі, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет – көрсетiлетiн қызметтi алушылардың өтiнiшi бойынша жеке тәртiппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруға, оларға тиiстi материалдық немесе материалдық емес игiлiктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттiк функцияларды iске асыру нысандарының бiрi.

Бүгінде Жамбыл облысы, Байзақ ауданындағы халықты жұмыспен қамту орталығында мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлері сапалы әрі тиімді жүргізілуде. Жалпы, 2017 жылы жүгінген азаматтарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саны үшеу болған. Олардың ішінде «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» бойынша 1265 адамға қызмет көрсетілсе, «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беруге 3258 адамға қызмет көрсетілген, Ал «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беруге» 19 адамға қызмет ұсынылды.

Орталықта 2018 жылы да жүгінген азаматтарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саны үшеу болған. Олардың ішінде «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» бойынша 3842 адамға қызмет көрсетілді, «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беруге 3241 адамға қызмет көрсетілсе, «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беруге» 21 адамға қызмет ұсынылды.

Биылғы жылы бұл бағыттағы жұмыстар 4 қызмет түрі бойынша атқарылуда. Алғашқы тоқсанның өзінде «бір терезе» қағидасы бойынша "Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу" қызметі 882 адамға көрсетілген.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір