• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
14 Желтоқсан, 17:04:03
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

21 Қазан, 2019 Аймақтар

Жұртшылықты жұмыспен қамтуға көңіл бөлінуде

Елбасы Н.Назарбаев бес институционалды реформаларды жүзеге асыруға арналған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында кәсіби мемлекеттік аппарат құруға басымдық берген болатын. Қазіргі таңда бұл бағытта Жамбыл облысында жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Сол қатарда Байзақ аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы да қызмет сапасына баса көңіл бөлуде.

Баршаға белгілі, 2013 жылғы 15 сәуірде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңы және 2013 жылғы 18 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 983 қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізілімі бекітілген.

Азаматтардың мемлекеттік қызмет алу бойынша құқықтарын кепілдендіру үшін мемлекет өз тарапынан мемлекеттік органдар үшін өз құзырына кіретін әрбір мемлекеттік қызмет бойынша стандарт пен регламент қабылдау және қызмет көрсету кезінде стандарттың талаптарын басшылыққа алу қажеттілігін белгілейді. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты – мемлекеттiк қызмет көрсетуге қойылатын талаптарды белгiлейтiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң, нысанының сипаттамаларын, мазмұнын және нәтижесiн қамтитын нормативтiк құқықтық акт. Ал мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын сақтау жөнiндегi талаптарды белгiлейтiн және көрсетiлетiн қызметтi берушiлер қызметiнiң тәртiбiн, оның iшiнде мемлекеттiк қызметтер көрсету процесiнде өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен, халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара iс-қимыл, сондай-ақ ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн айқындайтын нормативтiк құқықтық акт.

Байзақ аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы осы талаптарды ескере отырып, келушілерге 4 қызмет түрін ұсынуда. Биылғы алғашқы тоқсанда

"Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу" қызметі «бір терезе» қағидаты бойынша 882 адамға ұсынылған. Айта кету керек, 2018 жылы бұл қызмет түрлері қолданыста болмаған. Сонымен қатар «Жұмыссыздар ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеуге» 693 адамға қызмет ұсынылған.

Осылайша орталық мамандары мемлекеттік қызметтерді уақтылы әрі сапалы орындауға күш салуда.

Мұның бәрі де еліміздің әлемдегі дамыған отыз мемлекеттің қатарына қосылуға бағытталған қадам екендігі сөзсіз.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір