• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 23:10:08
Алматы
+35°

Елбасы Н.Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында кәсіби мемлекеттік аппарат құруға айрықша тоқталып, бұл бағыттағы міндеттерді жүйелеп берген болатын.

Ал Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстан тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Мемлекеттік қызметшілер жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында арнайы дайындығы бар жас кадрларды тарту қажет. Сонымен бірге 2020 жылдан бастап біз мемлекеттік қызметшілердің санын біртіндеп қысқартуға кірісіп, үнемделген қаражатты неғұрлым пайдалы қызметкерлерді ынталандыруға жұмсаймыз.

2024 жылға қарай мемлекеттік қызметшілердің және ұлттық компаниялар қызметкерлерінің санын 25 пайызға қысқарту қажет» деп атап көрсетіп, нақты міндеттер жүктеген болатын.

Қазіргі таңда Жамбыл облысында да мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, оларды оңтайландыру және автоматтандыру мәселесіне айрықша басымдық берілуде.

Жамбыл облысы полиция департаментінің Көші-қон қызметімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес қазіргі таңда 17 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Анықтама үшін: 2019 жылдың 1 жарты жылдығында көші-қон қызметімен барлығы 283824 қызмет көрсетілген. Оның қағаз түрінде 52682 қызмет көрсетілсе, электронды түрде – 231142 қызмет ұсынылған.

Көші-қон қызметінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласында жұмыстарында ілгерілеу бар екендігін атап өткен жөн.

-Департаментпен тиісті мекемелерге жіберілген ұсыныстар негізінде ағымдағы жылдың 26 сәуірінде Тараз қаласынан Халыққа қызмет көрсетудің көші-қон орталығы ашылған болатын.

Дегенмен, атқарылып жатқан жұмыстардан бөлек, шешімін табуға жататын бірқатар мәселелер бар. Атап айтқанда Халыққа қызмет көрсетудің көші-қон қызметі орталығы ашылғанымен бүгінгі күні мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттар қабылдау және нәтижелерін беру көші-қон қызметі орталығы арқылы тек "Қазақстан Республикасы азаматының паспортына ата-аналарымен бірге шетелге шыққан жағдайларда он алты жасқа дейінгі балалар туралы фотосуреттері жапсырылған жазба" мемлекеттік көрсетілетін қызметі ғана көрсетілуде,-дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Н.Еркебаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір