• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 17:03:21
Алматы
+35°

«Мемлекеттік қызметшілер жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында арнайы дайындығы бар жас кадрларды тарту қажет. Сонымен бірге 2020 жылдан бастап біз мемлекеттік қызметшілердің санын біртіндеп қысқартуға кірісіп, үнемделген қаражатты неғұрлым пайдалы қызметкерлерді ынталандыруға жұмсаймыз.

2024 жылға қарай мемлекеттік қызметшілердің және ұлттық компаниялар қызметкерлерінің санын 25 пайызға қысқарту қажет». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстан тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында осылай деп атап көрсеткен болатын. Бүгінде Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша есепті кезеңде 692 түсіндірме іс-шаралар жүргізіліп, 48 771 халық қамтылған.

Жергілікті атқарушы органдар және ведомстволық бағынышты мекемелердің жауапты қызметкерлердің жұмыс жүргізу тәртібі мен стандарт талаптарын бұзуы және немқұрайлық таныту қауіпін төмендету үшін облыстық, қалалық, аудандық деңгейде түсіндірме, оқыту және тәжірибелік көмек жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

Электронды форматта және мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтер бойынша облыстық және аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жариялау мен осы салада облыс тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді ашық, қол жетімді, әрі сапалы көрсету мақсатында, мамандармен кеңесу мүмкіндігі бар жәрмеңкелер өткізілуде. Сонымен қатар ауылдық округ әкімдіктерінде қызмет алушылардың өзіне-өзі қызмет көрсету қоғамдық бұрыштары ашылды.

Жамбыл облысы әкімінің аппаратымен 2018 жылға арналған ішкі бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес, 14 ішкі бақылау іс-шаралары жүргізілген. Оның ішінде, жергілікті атқарушы орандардың құрылымдық бөлімдері мен басқармалары – 42 мекеме, ведомстволық бағынысты 10 мекеме қамтылды. Нәтижесінде 559 бұзушылықтар анықталып 26 лауазымды тұлғаларға тиісті тәртіптік шаралар қолданылды. Оның ішінде – 18 тұлғаға ескерту, 7 тұлғаға сөгіс, 1 тұлғаға қатаң сөгіс берілді.

Мемлекеттік қызмет сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар биыл да жүйелі жалғасуда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір