• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 16:29:21
Алматы
+35°

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстан тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Мемлекеттік қызметшілер жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында арнайы дайындығы бар жас кадрларды тарту қажет. Сонымен бірге 2020 жылдан бастап біз мемлекеттік қызметшілердің санын біртіндеп қысқартуға кірісіп, үнемделген қаражатты неғұрлым пайдалы қызметкерлерді ынталандыруға жұмсаймыз.

2024 жылға қарай мемлекеттік қызметшілердің және ұлттық компаниялар қызметкерлерінің санын 25 пайызға қысқарту қажет» деп атап көрсетіп, нақты міндеттер жүктеген болатын.

Қазіргі таңда Жамбыл облысында да мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, оларды оңтайландыру және автоматтандыру мәселесіне айрықша басымдық берілуде.

Биыл аймақта мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміндегі 742 қызметтің 202-сі жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілуде. Оның ішінде 84 қызмет мемлекеттік корпорация арқылы, 118 қызмет электронды түрде, 41 қызмет тек мемлекетік орган арқылы қағаз түрінде, 103 қызмет баламалы негізде қағаз түрінде көрсетілуде.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2019 жылдың І тоқсанында жергілікті атқарушы органдармен барлығы 1,3 миллион мемлекеттік қызмет көрсетіліп, 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,8 пайызға артқан.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің 2010 жылғы №954 Жарлығына сәйкес, уәкілетті органның бағалау нәтижелері бойынша Жамбыл облысы өңірлердің жергілікті атқарушы органдары арасында 2015 жылы – 5-ші орынды, 2016 жылы – 2-ші орынды, 2017 жылдың қорытындысы бойынша 8-ші орынды иеленген.

Сонымен қатар, 2018 жылдың тамыз-қазан айларында «SANGE» ғылыми-зерттеу орталығымен жүргізілген әлеуметтік сауалнама арқылы қоғамдық мониторинг нәтижесі анықталды. Оның шеңберінде тұтынушылармен және қызмет көрсетушілермен тереңдетілген сұхбат жүргізілген, «құпия сатып алу» әдісімен бақылау, сондай-ақ фокус-топтық пікірталастар өткізілген.

2018 жылы зерттеу жүргізу үшін қоғамдық мониторингке 37 орталық мемлекеттік органдардың және 23 жергілікті атқарушы органдардың қызметтері енгізілген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір