• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 04:15:47
Алматы
+35°

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов үкімет отырысында ақылы жолдардан түсіп жатқан пайда туралы мәлімдеді.

– 2013 жылы ақылы автокөліктің алғашқы желісі –  211 шақырымдық Нұр-Сұлтан – Шучинск бағыты іске қосылды. Бұл бағыт бойынша жылына 1 млрд теңгеден астам қаржы түсіп, жолды ұстап тұру шығынын толық өтеп жатыр. Бүгінде 682 аталған желі ұзақтығы 682 шақырымға дейін ұзартылды. Бұдан бөлек Нұр-Сұлтан –  Теміртау (134), Алматы –  Қапшағай (42), Алматы – Қорғас автожолдарынан жылына 4 млрд теңге түсуде, –  деді министр.

Атамқұловтың айтуынша, жол бойындағы қызмет көрсету саласының сапасы да артып келеді.

– Жол бойындағы қызметтің сапасын жақсарту үшін 1822 нысанның 1 мыңы ұлттық стандартқа сәйкестендірілді. Сондай-ақ бюджет пен жеке қаражатқа 73 объект бой көтерді. Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасын табады, – деп атап өтті Атамқұлов.

Ведомство басшысының сөзінше, автожолдарды дамытуға соңғы 5 жылда 590 млрд теңге бөлінген.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір