• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 11:51:37
Алматы
+35°

Бүгінде елімізде жұртшылықты жұмыспен қамтуға, сол арқылы әлеуметтің әлеуетін арттыруға көптеп көңіл бөлінуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстан тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында да осы мәселеге айрықша назар аударды. Бұл тұрғыда халықты жұмыспен қамту орталықтарына да жүктелетін жауапкершілік жоғары. Ал, бұл міндетті Тараз қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы тиянақты атқаруда.

Бүгінде аталмыш орталық бес қызмет түрін ұсынады. Солардың қатарында Жұмыссыздар ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу қызметіне жүгінетіндер де аз емес. Аталмыш қызмет жөнінде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жүзеге асырылады.

Өткен жылы жұмыссыздар ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша 3197 адамға қызмет көрсетілген. Ал ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанында 877 азаматқа қызмет көрсетілді.

Сонымен қатар жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама беру туралы өтініш білдіретіндер де аз емес. Іішінара автоматтандырылған бұл қызмет жөнінде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Халықты жұмыспен қамту орталығының кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

Айта кету керек, 2018 жылы жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша 207 адамға қызмет көрсетілген. Ал ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанында 95 азаматқа жұмыссыз анықтамасы берілген.

Орталықта Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау қызметі де көрсетіледі. Іішінара автоматтандырылған бұл қызмет жөнінде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру тек Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі орталыққа жүгінген кезде – құжаттар пакетін тіркеген сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні; орталықта құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің ең ұзақ шекті уақыты – 30 минут; рталықта қызмет көрсетудің ең ұзақ шекті уақыты – 30 минут.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама беріледі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір