• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 05:02:51
Алматы
+35°

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген мақсатты индикаторларға сәйкес, Жамбыл облысында халықтың цифрлық сауаттылық деңгейі 2017 жылы 61,4 пайызды құраған болатын. 2018 жылы 182 534 адам оқытылып, көрсеткіш 78,5 пайыз деңгейінде қалыптасты.

Бүгінде облыста тұрғындар цифрлық сауаттылықтың жалпы деңгейі жеткізу мақсатында цифрландырудың негізгі дағдылары, Ашық Үкімет, электрондық мемлекеттік қызметтер, электрондық коммерция. тақырыптары бойынша біліктілігін арттыруда. Оның ішінде 133 421 білім саласы қызметкерлері, 20 378 денсаулық сақтау саласының маманы, 21 282 жоғары оқу орындарының білімгерлері, 7453 жұмыскерлер қамтылған.

Оқыту барысында, компьютерлік техниканы пайдалануды үйрету 1 күндік курстары ұйымдастырылған. Курста Windows операциялық жүйесімен, MS Offise топтамасымен таныстыру, интернетте ақпараттарды іздеу, «Электронды үкімет» порталына тіркелу, сандық қолтаңбаны және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу, «Күнделік», Bilimland жүйелерінің мобильдік қосымшаларын қолдану қамтылды.

2019 жылы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға оқытылу қажет халық санын анықтау жұмысы салалық министрлікпен келісіліп жатыр.

Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауына сәйкес, 2019 жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 80 пайызы, ал 2020 жылы кемінде 90 пайызы электронды форматқа көшіруі жоспарлануда.

Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу бойынша насихат жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

Облыста мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында ішкі бақылау шаралары, жергілікті жерлерде мектептерде, ірі сауда орталықтарында түрлі шаралар өтуде. Сонымен қатар «Ашық мемлекет», «Қолжетімді қызмет» тақырыбымен тұрғындарға 30-дан аса жәрмеңкелер, 10-нан аса семинар-кеңестер ұйымдастырылған.

Жергілікті телеарна эфирі мен Тараз қаласында орналасқан LED-экрандарында күніне бірнеше рет «Электрондық үкімет» порталының жұмысын кеңінен танымал ету және мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алудың қарапайымдылығына арналған бейнероликтер тұрақты көрсетілуде.

Халықты «Е-GOV» порталынан электронды қызметтерді алуды оқыту бағытталған Желілік кесте бекітіліп, ағымдағы жылдың соңына дейін 1596 мекеме қамтып, 239 мыңға жуық адамды оқыту жоспарлануда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір