• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 15:42:13
+35°

Ауыл шаруашылығы саласында жүйелі жүргізілген реформа әрқашан өз нәтижесін береді. Әрі бұл әрекеттер Мемлекет басшысы Жолдауындағы ауыл шаруашылығының өнім көлемін 4,5 есеге арттыру тапсырмасын орындаудың алғышарты ретінде қабылданады. Осы орайда кешегі Кеңес одағы дәуірінде 10 мың гектар алқапқа жүгері дақылын еккен мойынқұмдықтар үшін биылғы күзгі жиын-терім науқаны табысты аяқталды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Кеңес одағы тұсында 10 мың гектарға жуық алқапта жүгері екен мойынқұмдық шаруалар тәуелсіздіктен кейінгі жылдары егіншілік кәсіпке көптеп көңіл бөле қоймағаны белгілі. Ал биыл аудандағы егін шаруашылығында айтарлықтай мол табысқа қол жеткізілді.

–Биыл жүйелі жоспарға сай біз көктемгі егіс науқанына жүйелі дайындықпен келіп кірістік. Аудан бойынша ұзақ жылғы үзілістен кейні 5064 гектар суармалы алқап игерілді. Бұл алқаптың 1165 гектарына жүгері, 541,5 гектарына арпа, 171,7 гектарына тары, 233 гектарға күнбағыс, 49,4 гектарға картоп, 83,2 гектарға көкөніс, 304 гектарға бақша өнімдері егілді. Бұдан басқа 2526,4 гектар жер жоңышқа болса, оның 380,5 гектары биыл жаңадан себілді.

Күзгі жиын терімнің алғашқы нәтижелері бойынша жүгерінің әр гектарынан 8-12 тоннадан өнім алынып отыр. Ауданға қарасты Кеңес, Бірлік ауылдарында әлі де жүгері орылып жатыр. Ал Көкжелек, Күшаман ауылының дихандары тары жинаумен айналысып жатыр. Алдын-ала есептеу бойынша жүгері ме тарыдан түсетін түсім көлемі де жаман емес. Сондай-ақ шаруалар жоңышқа алқаптарынан 3-4 мәртеден орақ түсіріп, қысқа дайындықты пысықтау алды, –дейді аудан әкімі Мәден Мұсаев

Айта кету керек Мойынқұм ауданындағы агросектордағы мол табысқа егістік алқаптарына су беруді тұрақты ұйымдастырып отыратын «Казсушар» РММ-нің аудандық бөлімшесінің ашылуының себеп болып отырғанын айта кеткен жөн. Аудандағы әрбір шаруа қожалығының жетекшісі «Казсушар» мекемесімен алдын ала келісім шартқа отырып, ала жаздай егіс алқабына тұрақты су беріп отырды.

Сондай-ақ аудандағы жылыжай шаруашылығының қазіргі аяқ алысы қуантады. Мәслен Бірлік ауылындағы өз ауласындағы 3,5 соттық жерге жылыжай соғып, одан жылына екі мәрте қияр, қызанақ алып отырған Еркін Мадияровтың ісі көпке үлгі. Алдағы уақытта осынау пайдасы мол жылыжайларды көбейту жағы қарастырылып жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір