• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
14 Желтоқсан, 17:15:42
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

21 Қазан, 2019 Аймақтар

Жамбылдықтар жаңа әліпбиді үйренуге жаппай жұмылдырылуда

2025 жылдан Қазақстанда латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі қолданыла бастайды. Тұңғыш Президент пәрмен берген тапсырманы тиянақты орындаудан жамбылдықтар аянып қалмайды. Облыста латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиін халыққа оңайырақ үйрету жұмыстары өз деңгейінде қолға алынған, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының «Латыннегізді жаңа әліпби және жазу реформасы» әлеуметтік жобасы аясында коммерциялық 77TV телеарнасынан «LatynLIVE» телебағдарламасы айына 2 рет эфирге шығады. Бүгінгі күнге дейін облыс тұрғындарының назарына бағдарламаның 6 шығарылымы ұсынылды. Өз кезегінде 77TV телеарнасындағы бұл телебағдарлама облыс тұрғындарының 67,2 пайызын қамтиды.

Жалпы жыл басынан бері латыннегізді әліпбиді өңір тұрғындарына түсіндіру мақсатында 399 іс-шара өткізіліп, оған 198 555 адам қамтылған. Облыс әкімдігі мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті бірлесе отырып республикада алғаш рет қазақ тілі әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңімен көшіруге байланысты ақпараттық-насихаттау апталығын ұйымдастырды. Апталық қорытындысы бойынша облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы «Ең үздік интернет бағдарлама», «Ең үздік латын кабинеті», «Ең үздік әдіскер» номинацияларымен марапатталды.

Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия мақұлдаған жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелерін түсіндіру және Qazalipbi.kz онлайн бағдарламасын таныстыру мақсатында аудандар мен Тараз қаласы тұрғындарына арналған көшпелі семинар-тренингтер ұйымдастырылса, Тараз қаласында орналасқан 42 мекемеде үйрету курстары жүргізіліп, 800-ден аса адам қамтылды.

Осыдан екі жыл бұрын бекітілген латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі әлі де жетілдіруді қажет етеді. Бұл жайында жақында ғана Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев танымал әлеуметтік желілердің бірінде қалдырған жазбасында айтты. Сәйкесінше бұл бағыттағы жұмысты жүйелендіре түсу Мемлекет басшысының бұйрығымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың тікелей бақылауын болмақ.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір