• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 17:05:22
Алматы
+35°

Жері мал шаруашылығына қолайлы саналатын Мойынқұм ауданында соңғы жылдары суармалы егіс алқаптарын ұлғайту есебінен егіншілікке де бет бұрыс байқалады.Осылайша мойынқұмдық жергілікті билік өкілдері мен шаруалар арасындағы бірлескен істің нәтижесінде Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Жолдауында айқындалған суармалы егіс алқабын 2030 жылға қарай 3 миллион гектарға ұлғайту тапсырмасы орындала бастады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Аудандағы бұрын жүгері, арпа ауыл шаруашылық құрлымдарының жетекшілері, агрономдар мен су шаруашылығы мамандарының басын бір арнаға тоғыстырған «Агроөнеркәсіп кешенін дамыту» жөнінде комиссия құрылды. Комиссия аудандағы суармалы егістік алқабын ұлғайтуда обылс әкімінің бастамасымен құрылған «АСА-Талас» мекемесінің мүмкіндігін пайдалануды жөн көрді.

–Суармалы егісті алқабын ұлғайту шараларына кіріспестен бұрын Айдарлы, Бірлік, Биназар, Айтбайй Назарбеков, Көкжелек, Күшаман, Жамбыл ауылдарының шаруаларымен пікірлестік. Олардың айтар уәжі жергілікті жерде ауыл шаруашылығын дамытуда су жетіспейді, техника, тұқым табылмайды дегенге саяды.Осылайша біз ең әуелі ағын суды жеткізу ісіне бел шеше кірістік. Механикалық жасақтың техникаларымен ұзындығы 70 шақырым 9 канал тазаланды. Жеке иеліктегі «Биназар», «Бірлік» каналдары мемлекеттік меншікке қайтарылып алынды. Айдарлы, Бірлік, Биназар ауылдарында тың жерлерге соқа түсті. Бұл жұмыстарға аудан бюджетінен 65 миллион 304 мың тенге қаралып, оған ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды,–дейді аудан әкімі Мәден Мұсаев.

Аудан әкімінің айтуынша аймақтағы суармалы егістік алқаптарын ұлғайту жұмыстары ең әуелі егістік жерлердің қазіргі жағдайын бағамдаудан басталған.

–Ауданның аумағындағы егістік жерлерді тексергенімізде олардың көбінің қараусыз қалғаны анықталды. Тіпті тал-дарақ басып кеткен алқаптар да кездесті. Ара-тұра иесі анықталмаған егіс алқаптары да болды. Ұзақ уақыт иессіз қалған жерге су жеткізудің мүмкіндігі азайған. Біз осынау алқаптарды есепке алып, оларда тазалау жұмыстарын жүргізе бастағанда шаруаларда сенімділік пайда болды. Нәтижесінде біз бір ғана жүгері алқабын 1100 гектарға дейін ұлғайта алдық. Енді жерде «дала аруына» орақ түспек. Бұған дейін біз тары алқабында күзгі жиын терімді табысты аяқтай алып едік, – дейді аудан әкімі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір