• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 19:31:12
Алматы
+35°

Елбасы- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бірден-бір жемісі-елімізде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының құрылуы екендігі даусыз. Бүгінде корпорация қалыптасып қана қана қоймай, аз уақытта-ақ өз тиімділігін дәлелдеп үлгерді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының даму стратегиясын орындау мақсатында Тараз қалалық №1 халыққа қызмет көрсету орталығы негізінде Цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығының ашылып, іске кірісті. Бұл орталықта анықтама, қолжетімділік пункті, оқыту бөлмесі, өзіне өзі қызмет көрсету секторы, электронды цифрлық қолтаңба өтілімдерді растау секторы қызмет көрсетеді.

Бұл халыққа қызмет көрсету орталығы екі секторға бөлінген. Мұнда халыққа цифрлық жүйеде қызмет көрсетіледі. Бірінші сектор – «оқыту бөлмесі». Сектор 12 оқу орынға арналған. 2 қызметкер 2 ауысымда оқыту сабақтарын жүргізеді. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында халыққа электрондық қызметтерді пайдалана білу үйретіледі.

Ал екінші сектор – «Өзіне өзі қызмет көрсету секторы». Ол 16 орынға жабдықталған. 12 орын тұрып және 4 орын отырып қызмет алуға арналған. Мұнда 3 маман түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Цифрлық қолтаңбасы бар азаматтар өзінің телефон нөмірін жеке сәйкестендіру нөміріне бекітіп, кез келген уақытта компьютер арқылы қажетті электронды анықтама ала алады. Осылайша, компьютерде отырып-ақ қажетті форматта белгілі бір мемлекеттік органнан құжатқа өтінім жолдап, халыққа қызмет көрсету орталығының маманымен онлайн-байланысқа шыға алады.

-Қазіргі таңда елімізде «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы жүйелі жүзеге асуда. Бұл жаңашылдықтан халыққа қызмет көрсету орталығы да қалыс қалған жоқ. Бүгінде біз тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыруға жәрдемдесіп, «Электронды Үкімет» порталының мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануға күш салудамыз. Бұл бағытта кең көлемде түсіндіру жүргізілуде,-дейді Тараз қаалық цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығы бөлімінің басшысы Шалқар Елемес.

Жаңашылдыққа негізделген жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса беретін болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір