• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
06 Желтоқсан, 07:18:39
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

21 Қазан, 2019 Аймақтар

Цифрлық сауаттылық бойынша 145 695 тұрғынға кеңес берілді

Елбасы- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында айқындалған міндеттерге сәйкес, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы құрылғаны белгілі. Бүгінде корпорация жұмысы Жамбыл облысында да жүйелі жүзеге асуда. Әсіресе, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға басымдық беріліп, «Электронды үкімет» порталының мүмкіндіктері кеңінен пайдаланылуда. Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында корпорация мамандары 2019 жылы 1388 мекемеге шығып, 145 695 тұрғынға кеңес берген.

Сонымен қатар электронды негіздегі сервистік қызметтерді жетілдіру бағытында да нәтиже жетерлік. Біріншіден, азаматтардың рұқсат беруімен үшінші тұлғаның анықтамаларды алуына болатын сервисі жүзеге асты. Мысалы, сервиске енгізілгеннен кейін, оқу орны немесе жұмыс беруші электрондық портал арқылы қажетті құжатты сұратады, ал қызмет алушы (бұл жағдайда ата-ана, жұмыс беруші, т.б.) SMS-хабарлама арқылы бір рет электрондық анықтама алуға өзінің рұқсатын береді.

Екіншіден, ұялы телефон нөміріне жолданған бір реттік СМС-парольді енгізу арқылы электрондық цифрлық қолтаңбасыз 53 қызмет қолжетімді болды. Бұл қызмет түрін пайдалану үшін ең бастысы «Мобильді үкіметте» тіркелу керек. Толығырақ айтсақ, мобильді қосымшаны активтендірген соң қолданушыға қызметтің кең спектрі қолжетімді болады. 2019 жылы Жамбыл облысы мобильды үкімет порталына тіркелген азаматтардың саны 242 008 адамды құрады.

Үшіншіден, 20 минут ішінде мекенжай бойынша онлайн тіркелу қызметі қолжетімді.

Төртіншіден, «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу» және «Жүргізуші куәліктерін беру» қызметерін онлайн режимде алуға болады. Статистикалық мәлімет бойынша бұл қызметтер жақсы көрсеткіш көрсетуде. 2019 жылдың сегіз айында жүргізуші куәлігін ауыстыру бойынша 4 744, автокөліктерді тіркеу және тіркеуден шығару бойынша 3 895 қызмет көрсетілді.

Бесіншіден, @EgovKzBot Telegram-бот арқылы қол жетімді сервистер мен қызметтердің саны 26 -ға жетті.

Бұл бағытта да жүйелі жұмыстар жандануда.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір