• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
07 Желтоқсан, 23:10:19
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

21 Қазан, 2019 Аймақтар

Жаңашылдық жұртшылыққа жан-жақты түсіндірілуде

Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру- Елбасы- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында айқындалған міндеттердің бірі. Осы орайда Нұрсұлтан Әбішұлы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясын құруды міндеттеген болатын. Бүгінде корпорация қалыптасып қана қана қоймай, аз уақытта-ақ өз тиімділігін дәлелдеп үлгерді. Әсіресе, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға басымдық беріліп, «Электронды үкімет» порталының мүмкіндіктері кеңінен пайдаланылуда.

Мысалы, бүгінде @EgovKzBot Telegram-бот арқылы қол жетімді сервистер мен қызметтердің саны 26 -ға жетті. Бот арқылы мекенжай анықтамасын, жылжымайтын мүліктің болуы немесе болмауы туралы анықтаманы, сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтаманы, жеке тұлғаның басқа заңды тұлғаларда қатысуы туралы анықтаманы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтаманы алуға болатынын, естеріңізге саламыз. Бұдан басқа базалық зейнетақы төлемінің мөлшері туралы ақпаратты алуға және әлеуметтік мәртебесін тексеруге болады.

-Қызметті алу үшін «Мобильдік азаматтар базасында» тіркелу қажет, яғни өз телефон нөмірін eGov.kz порталының Жеке кабинетінде тіркеп, өзінің гаджетінде, Telegram мессенджердегі ботты іске қосу жүзеге асырылсын. Бұдан әрі алдын-ала белгіленген бұйрықтарды жолдау және сұранысты SMS-код арқылы растау арқылы мемлекеттік қызметтерді алуға болады, әрі сұраулардың нәтижесін бірден пайдаланушының электрондық поштасына жіберуге болады.

Жалпы, филиал қызметкерлері мемлекеттік қызметтер көрсету жолында жүйелі жұмыстар атқаруда. Қоғаммен байланыс мәселесі біз үшін өзекті тақырып, себебі халықты мемлекеттік қызметтер туралы құлағдар ету, ұсыныстарын қабылдау, өтініш-шағымдарын қарастырып, шұғыл жауап берудеміз. Бұл тұрғыда жұмыстардың уақтылы орындалуын үздіксіз қамтамасыз етудеміз.,- дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Жамбыл облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Данияр Медетбеков.

Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жалғаса беретін болады.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір