• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
07 Желтоқсан, 22:30:05
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

21 Қазан, 2019 Аймақтар

"Электронды үкіметтің" тиімді тұстары көп

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында айқындалған басты міндеттің бірі Канададағы Canada Service және Австралиядағы Centrelink үлгісі бойынша мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдеріне айналатын "Азаматтар үшін үкімет" мемлекеттік корпорациясын құру болатын. Бүгінде бұл бағытта Жамбыл облысында атқарылған жұмыстар өзінің оң нәтижесін беріп отыр. Әсіресе, «Электронды үкімет» порталының жұртшылыққа тигізіп отырған пайдасы көп.

-Электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің көптеген артықшылықтары бар. Ең бастысы, бұл уақыт үнемділігі, мемлекеттік қызметтерді алу үшін үйіңізді немесе жұмыс орнын тастап кетудің қажеті жоқ.

Жоғарыда аталған бағыт бойынша халық арасында насихат жұмыстарын жүргізу барысында биылғы жылы Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген электронды қымет саны 3 есеге азайда деуге болады, мысалы 2019 жылдың 8 айында 810 092 қызмет, оның ішінде 189 919 – ы электронды негізде көрсетілсе, 2018 жылдың 8 ай қорытындысы бойынша көрсетілген қызмет саны 585 183 болған,-дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Жамбыл облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Данияр Медетбеков.

Халыққа қызмет көрсету бағыты бойынша бөлімдерде мемлекеттік қызметті өздігінен алу үшін «Connection point» өзіне-өзі қызмет ету секторы жұмыс атқаруда. Бұл сектордың негізгі мақсаты: халықты «Электрондық үкімет» порталының мүмкіншіліктерімен таныстырып, электрондық цифрлық қолтаңба арқылы ақпараттық анықтамалар мен электрондық қызметтер алуға мүмкіндік жасау.

2019 жылы секторлар арқылы 745 700 қызмет көрсетіліп, 810 956 кеңес берілген. 2018 жылдың көрсеткішімен салыстыратын болсақ, 2018 жылы 443 324 қызмет көрсетіліп, 562 736 кеңес берілген. Яғни қазіргі таңда қалалық және аудандық бөлімдер жергілікті әкімдікпен бірлесе отырып, бекітілген кестеге сәйкес уәкілетті органдарға, оқу орындарына, сауда орындарында, басқа да түрлі мекемелерге барып оқыту жұмыстарын жүргізу нәтижесі бойынша өз бетінше қызмет алатын халық саны артуда.

Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында корпорация мамандары 2019 жылы 1388 мекемеге шығып, 145 695 тұрғынға кеңес берген.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір