• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
15 Қараша, 03:54:34
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

22 Қазан, 2019 NEWS

Нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернат 40 жылдық мерейтойын атап өтті

Шығыс Қазақстан бойынша көру қабілеті нашар балаларға арналған жалғыз жалғыз оқу орнының негізі 1979 жылы қаланған. Осындай оқу орнын ашу идеясы офтальмолог  Каратыш Людмила Павловнаға тиесілі. Ол кезде нашар көретін балалар көп болды. Сол үшін де оларға ірі қаріппен арнайы оқулықтар және оқытудың ерекше әдістемесімен қамтамасыз ету қажеттігі туындады.

Осылайша, 1979 жылдың тамыз айында нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернатын ашу туралы шешім қабылданды. 15 қазанда оның ашылуы өтті. Жыл басында 15 оқушы, ал оқу жылының соңында 75-ке көбейді.

рп

Қазіргі уақытта мектеп-интернатта әртүрлі көру патологиясы бар 150 оқушы білім алуда.

Оқыту ортоптикалық кабинетте, физиокабинетте емделумен қатар өтеді. Балаларға арналған 25 кабинет, 9 жатын бөлме, психолог кабинеті, көру қабылдауын түзету, емдік, дене шынықтыру, заманауи техникамен жабдықталған кір жуатын бөлме, асхана, медициналық кабинет, кітапхана және акт залы бар.

р

2001 жылдан бастап мемлекеттік тілде оқытатын сыныптарға балалар қабылданды.

Мектеп-интернат ұжымы үнемі жаңа әдістер мен жұмыс түрлерін іздестіріп, жаңа ғылыми әзірлемелерді үнемі жаңартып отырады. 2012 жылы Анкара қаласы және Семей қаласы  тифлопедагогика бойынша біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылды.

– Біздің оқушыларымыз өте белсенді. Басым көпшілігі шығармашылықпен айналысып,  республиканың ғана емес, сонымен қатар одан тыс жерлерде  байқауларға, спорттық жарыстарға, пәндік олимпиадаларға қатысады. 2013 жылы біздің оқушылар Варшава қаласында өткен "Зияткерлік марафон" халықаралық олимпиадасына қатысып, командалық есепте 3-орынға ие болды. 2013 жылы Астана қаласында өткен "Ақылдылар "интеллектуалдық марафоны" республикалық олимпиадада Самарханов Дамир жеңімпаз атанды.

и

Мектепте спорттық секциялар жұмыс істейді. Мәселен үстел теннисі, "Тоғыз құмалақ" ұлттық ойыны, шахмат. Домбыра, вокал, би, "Шебер қолдар", "Жас суретші" және т.б. үйірмелер жұмыс істейді. Біздің балалар шахмат-дойбы турнирінде, облыстық және республикалық жарыстарда тоғызқұмалақтан жүлделі орындарға ие болды, деді мектеп-интернатының директоры Акрам Қалиғожин.

Мерейтой құрметіне мектепте семинар өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан келген мамандар қатысты. Оқу орнында ашық сабақтар өтіп, оқушылар шығармашылықтарымен бөлісті.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір