• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Сәуір, 00:20:35
Алматы
+35°

Семейдің Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеінде аталмыш оқу орынның түлегі,  "Қазақстанның 100 жаңа есімі"  жобасының жеңімпазы,  физика-математика ғылымдарының кандидаты, PhD доктор Серік Нұркеновпен кездесу өтті. Шара "Рухани жаңғыру" бағдарламасы негізінде өткізілді. Серік Нұркенов ғылымға өзінің жаңашылдығын алып келген жан. Оның мектеп кезінен физика мен математикаға бейім болып, кейін осы мамандықтарды одан ары игеріп кетуі тегіннен емес. Шәкәрім университетінен Л. Гумилев атындағы ұлттық университетіне жолдама алған ол магистратураны тәмамдап,  "Болашақ"  бағдарламасы бойынша Чикаго қаласында білімін шыңдайды. Елге оралып, әр тәжирибесін іс жүзінде көрсетеді.

– Ядролық медицина – бұл түрлі күрделі онкологиялық, кардиологиялық және неврологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу жүзеге асырылатын бағыт. Медициналық физиктердің міндеті – жылдамдатылған техниканы, яғни циклотрондарды басқару. Бұл позитронды-эмиссиялық томографтар, бірфотонды эмиссиялық компьютерлік томография. Қазақстанда бұндай  жаңа бағыт бойынша кадрлар дайындалмады. Сол себепті де мені, мемлекет есебінен түрлі ірі еуропалық орталықтарға оқуға жіберді.  Мен Германия, Словакия, Австрия, Италия елдерінде болып, халықаралық форумдарға қатыстым. Бұл медициналық физиканың барлық қырларын зерттеуге мүмкіндік берді. Біздің елімізде алғашқы медициналық физик атануымның алғашқы баспалдағы осылай басталған еді, – деді С. Нұркенов.

мп

Бүгінде ғалымның қатысуымен 17 мыңнан астам тексеру жүргізілген. Сонымен қатар  ол студенттерге арналған "Ядролық медицинаның физикалық негіздері" және "Медицинада ядролық қондырғыларды қолдану" атты екі арнайы курсты әзірледі.

Шара барысында қатысушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, ғалымнан тұшымды жауап ала алды. Кездесу соңында университет түлегіне ректор атынан алғыс хат табысталды.

– Мен бұл университеттің студенті болғанымды мақтанышпен айтып жүрем. Көптеген ұлағатты ұстаздардың тәлімінің арқасында осындай жетістікке жетіп отырмын. Болашақта осы аталған сала бойынша білім алып жатқан студенттерге жол көрсетемін, – деді С. Нұркенов.

Айта кетейік, бүгінде доктор "Жасыл экономика"  бағыты бойынша қызмет етуде.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір