• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 17:08:06
Алматы
+35°

«Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек. Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады». Елбасымыз өзінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында осылай деп атап көрсетіп, латын әліпбиіне көшудің қажеттілігіне кеңінен тоқталған болатын. Айта кету керек, Жамбыл облысында қазіргі таңда бұл бағытта нәтижелі жұмыстар атқарылып жатыр.

Республикада алғашқылардың бірі болып Елбасының №637 Жарлығымен бекітілген латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиін жаңа заман талабына сай интернет-технологиялар мүмкіндіктерін пайдалана отырып оқып, жазуға үйрету мақсатында Qazalipbi.kz онлайн оқыту бағдарламасы әзірленді.

Интернеттің кез келген браузерлері мен смарт телефондар арқылы кіруге болатын Qazalipbi.kz онлайн оқыту бағдарламасы – қазақ тілді аудиторияға, яғни латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиін үйренуге ниет білдірген кез келген азаматтар үшін қолжетімді, тегін, уақыты шектеусіз, теориялық, практикалық, бағалау бөлімдері қамтылған 18 сабақтан тұрады.

Жаңа әліпбиді жеңіл меңгеруге ықпал ету мақсатында барлық аудандар мен Тараз қаласында семинар-тренингтер де жиі ұйымдастырылуда.

Сонымен қатар, латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиін мейлінше халыққа оңайырақ ұғындыру, үйрету мақсатында басқарманың «Латын негізді жаңа әліпби және жазу реформасы» әлеуметтік жобасы аясында жергілікті телеарналардан «LatynLIVE» телебағдарламасы айына 2 рет эфирге шығады.

Жалпы жыл басынан бері латыннегізді әліпбиді өңір тұрғындарына түсіндіру мақсатында 100-ден іс-шара өткізіліп, оған төрт мыңға жуық адам қамтылған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір