• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 14:21:55
Алматы
+35°

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстан тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында әлемдегі дамыған отыз мемлекеттің қатарына кіру міндетін жеделдететін басым бағыттарды айқындап бергені белгілі. Сонымен қатар жылдың басты құжатындағы «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі» бөлімінде білім саласына үлкен серіпіліс берілсе, мәдениет, руханият саласы қызметкерлеріне үлкен қолдаулар да маңыздылығымен ерекшеленіп отыр. Бұл тұрғыда Жамбыл облысында да нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Әсіресе, қазыналы Қордай өңіріндегі ауқымды жұмыстар туралы ауыз толтырып айтуға болады. Бұл қатарда білім және мәдениет салаларының дамуына айрықша басымдық беріліп, оңды істер жүйесін табуда.

Мәселен соңғы жылдары ауданда қазіргі заман талабына сай жаңа білім беру нысандары іске қосылып, апатты мектептер, үш ауысымды оқыту жүйесі жойыла бастады. Тек өткен жылдың өзінде Көктөбе және Соғанды ауылдарында жаңа мектеп ғимараты оқу жылында қолданысқа берілсе, ағымдағы жылы Қордай, Қаракемер, Қайнар ауылдарындағы орта мектептерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 392 миллион 653 мың теңге бөлінді.

Сондай-ақ бірқатар ауылдық округтердің білім беру ошақтарындағы орын тапшылығы мәселесі өз шешімін табуда. Ағымдағы жылы Қалғұты ауылында жаңа мектептің құрылыс жұмыстары басталса, келесі жылы Күнбатыс-2 және Масанчи ауылдарына да жаңа мектептер салынып, оқу жылында қолданысқа беріледі деп жоспарлануда.

Бүгінде Елбасының бастамасымен «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасыжүзеге асуда. Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Фариза Қорабайдың айтуынша, бұл бағытта да бағдарлы бастамалар қолға алынып, бұқараны қуанышқа бөлеуде. Бұл үрдістен білім беру саласы да тыс қалмайды. 2019 жылы аудан бойынша 9 мектепті робототехника кабинеттерімен қамтамасыз етуге 54,6 миллион теңге, 2 физика кабинеттермен қамтуға 14,5 миллион теңге бөлініп, игерілген. Сонымен қатар аудан мектептерінің оқу кабинеттеріне қажетті 359 дана компютер, проектор, экран сынды интерактивті құрылғылармен қамту үшін 179,5 миллион теңге қаралып, мақсатты жұмсалуда. Бұл білім саласын цифрландыру мақсатында қолға алынған жұмыстардың нәтижесі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір