• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 02:13:25
Алматы
+35°

Қоғам тарихында адам мен сән егіз ұғым. Жалпы сән дегеніміз –  өмірдің әр түрлі сферасында жеке талғамның уақытша үстемдік етуі. Яғни адамдар арасындағы әлеуметтік һәм экономикалық құбылыс.

Адам қоғамының дамуына, жаңа тарихи қоғамдастықтар пайда болуына байланысты адам киімі де түбірімен өзгеріп отырады. Қазіргі сәнді демократияшыл деуге де болады, себебі қазіргі таңдау идеясы мен еркіндіктің көптігімен, әртүрлі стилдерімен, пішіндерімен, үлгілерімен, көлемдерімен, киім ұзындығымен, алуан түсті гаммалығымен ерекшеленеді.

Қазіргі уақытта сән екі бағыт бойынша айрықша көзге түседі. Атап айтсақ, ретроспективалы (өткенге бағытталған) және перспективалы (болашаққа бағытталған).

Сәнде белгілі мерзім уақытына қарай трендтер өзгеріске ұшырайды.  Ендеше, 2019-2020 күз-қыс маусымындағы сән маусымының тренді қандай болмақ? Сәнді көріну үшін қандай киім киген дұрыс? Аталмыш сұрақтарға Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі маман пікірі арқылы жауап іздеді.

Дизайнер Дамиля Жұмабек:

"2019-2020 сән әлеміндегі киімдер кеңдігімен ерекшеленеді. Нақтырақ айтанда кең шалбарлар  мен джинсы матадан тігілген әртүрлі киімдер, кең қыры бар класикалық шалбарлар, кең үлгідегі көйлектер мен түрлі белдемшелер, тор үлгідегі жейде тәрізді кофталар, иықтары кең  үлгідегі көйлектер, кең  пішінде тоқылған күртелер сәнде.  

Ал киімнің түсі ақ пен қара. Сондай-ақ тор маталардан тігілген киімдерде биылғы сәннің озық үлгісіндегі қатардан орын алды.

Сырт киімдерге келсек,  бір-екі өлшемде кең кисеңіз, ерекшеленесіз. Одан өзге парча матадан тігілген  күртешелер,  ерлер киімі секілді пішілген кең үлгідегі кастюмдер сәнде.

Аяқ киімдерден түрлі спорттық үлгіге келетін етіктер, формасы жағынан бас жағы жалпақтау аяқ киім кисеңіз, тренд қатарынан қалмадыңыз деген сөз.  Ал әшекейлерден үлкен сырғалар мен түрлі орамалдар қайта сәнге келді".

Еске салсақ, дәстүрлі түрде өтетін KFW сән апталығы 29-31 қазан күндері Алматы қаласында өтеді. Шарада отандық және шетел дизайнерлерінің сән топтамасы көрсетіледі.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір