• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:13:05
Алматы
+35°

23 қазан күні Алматы қалалық Қорғаныс істері департаментінің жинау пунктінде «Ел тірегі – 2019» республикалық акциясы аясында 45 сарбазды Отан алдындағы борышын өтеуге салтанатты түрде шығарып салу шарасы өтті. Қазақстанның Қарулы күштерінің сапына қосылғалы отырған сарбаздар абыройлы да жауапты міндетін Өскемен қаласындағы әскери бөлімде атқармақ.

Әскерге шақырылушылар қаланың 8 ауданынан жиналған. Олардың әрқайсысы моральдық-іскерлік қасиетке, кемі арнайы орта білімге ие.

Салтанатты шараға Ауған соғысының ардагерлері, Әуезов ауданының Қорғаныс істері басқармасының бастығы Денис Насыров, Әуезов ауданы әкімшілігінің өкілдері және әскерге аттанып бара жатқан сарбаздардың ата-ана, туған-туыстары қатысты.

Шығарып салу рәсімін Әуезов ауданының Қорғаныс істері басқармасының бастығы Денис Насыров ашып, жас жауынгерлерге сәттілік, қызметтеріне ақ жол тіледі.

– Отанды қорғау, айбынды армиямыздың сапында Отан алдындағы борышты өтеу – әр ер азамат үшін абыройлы іс. Елін, жерін қорғауға әркез әзір жауынгерлерді дайындау мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі әрі бірегейі. Құрметті сарбаздар! Әскери қызмет Сіздерді батыр, өжет, ауызбірлігі мол, болашақтан зор үміт күттіретін нағыз ер азамат, Отанымыздың қорғаны, халқының қаһарманы етіп шығаратынына сенімдіміз. Сіздерге зор денсаулық, қажыр-қайрат, сарқылмас энтузиазм және асқақ мақсаттарға жетелейтін ерік-жігер тілеймін! Отанға адал да абыройлы қызмет етіп, мақтанарлықтай істермен көзге түсіңдер! Өз-өздеріңе ешқанан күмәнданбаңдар!, – деді басқарма бастығы.

им

Осындай бірнеше жүрекжарды құттықтау-лебіздерден кейін мектеп оқушылары әскерге шақырылғандарға Әуезов ауданы әкімшілігі тағайындаған алғашқы қажетті заттардан жасалған сыйлықтарды тапсырды.

трг

пр

Артынша, сарбаздарға ата-ана, жақын-жұраттарымен қоштасуына рұқсат етілді. Шара соңында концерттік номерлер қойылды.

ол

ол

Осы күзде Алматы қаласы бойынша 1992-2001 жылдары туған 1500 жасты әскер қатарына алу жоспарланған. Олар ҚР Қарулы Күштері, Мемлекеттік күзет қызметі, Ұлттық гвардия, ҰҚК Шекара қызметінде қызмет етеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір