• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 22:22:40
Алматы
+35°

Жақында №3 көзі нашар көретін балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат 40 жылдық мерейтойын атап өтеді. Шара аясында қаламызда бірқатар іс-шаралар болды. Ең алдымен мерейтой иелері қонақтарды қабылдап, оқу орынның материалдық-техникалық жабдықталуын, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу мүмкіндігін көрсетті.

Абай атындағы театрда өткен республикалық семинарға интернат түлектері, оқушылары, көрнекті қоғам қайраткерлері мен ұстаздар  қатысты. Мектеп мұғалімдері мен тәрбиешілері көп жылғы мінсіз еңбегі және үлгілі жұмысы үшін облыс және қала басшылығының атынан грамоталар мен алғыс хаттармен  марапатталды. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Байжанова құттықтау сөз сөйледі.

– Құрметті әріптестер, ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар. Мен барлықтарыңызды мерейтоймен шын жүректен құттықтаймын. Осы жылдар ішінде мектеп өзін тек білім беру мекемесі ретінде ғана емес, сонымен қатар таланттардың алтын ұясы ретінде көрсете білді. Басшылыққа және барша ұжымға табанды қызметтеріңіз үшін зор алғысымды білдіремін. Сіздерге алдағы уақытта да тек  табыс тілеймін, – деді Айгүл Байжанова.

Білім басқармасы басшысының орынбасары облыс басшылығы атынан мектепке шағын автобустың кілтін табыс етті. Алғыс ретінде мектеп-интернат оқушылары қонақтарға концерттік бағдарламарын ұсынды.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір