• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 15:57:35
Алматы
+35°

Өңірлердегі спорттың дамуындағы басты көрсеткіш спортшылардың спорттық аренадағы жеңісі екені даусыз. Ағымдағы жыл басынан бері халықаралық, республикалық спорттық сайыстарға қатысқан жамбылдық спортшылар барлығы 1320 медаль иеленді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жамбылдық спортшылардың 421-і қарсыластарынан оқ бойы озық шығып алтыннан алқа тағынса, 371 спортшы күміс медалға ие болған. Сондай-ақ 528 рет жамбылдықтар жеңіс тұығырының үшінші сатысынан көрініпті.

Есепті кезеңде 910 спортшы спорттың бірнеше түрінен Қазақстан құрама командасының мүшелігіне өткен. Мұндағы 302 спортшы жастар санатына жатса, қалған 322 спортшы жасөспірімдер сапында ел намысын абыроймен қорғап жүр. Сол секілді 81 жамбылдық спортшы ҚР спорт шебері, 6 спортшы ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 8 адам ұлттық спорт төрешісі және 2 адам жоғары санаттағы ұлттық спорт төрешісі нормативтерін орындады. Сондай-ақ, 456 спортшыға «ҚР спорт шеберлігіне кандидат» спорттық атақтары берілді.

Жыл басынан бері республиканың әр аймағы мен әлемнің сан қиырында өткен байрақты бәсекелерде жүлде салған жерлестеріміздің атын мақтанышпен атап өткен жөн. Мәселен Олимпиада ойындарының жүлдегері Елдос Сметов дзюдодан Әлемдік Гран-при турнирлерінің жеңімпазы, Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды Ал гимнастшы қыздар Анел Нұржанова мен Юлия Просветова спорттық акробатикадан Әлем Кубогының қола медаліне ие болды. Сол секілді Мейірбек Қордабай грек-рим күресінен 23 жасқа дейінгі ересектер арасындағы Азия чемпионатының қола медалді жеңіп алды. Сонымен қатар, жерлесіміз Нұрқанат Серікбаев – дзюдодан жасөспірімдер арасында Әлем чемпионы атағына қол жеткізді. Ал жастар арасындағы ұлттық ат спорты түрлерінен бірінші Азия чемпионатында көкпардан Қазақстан Республикасының Ұлттық құраманың сапында жамбылдық шабандоздар Құрманбек Тұрғанбек, Ернар Жарылқасын, Ернұр Камелхан, Ерсұлтан Әзімбаев және Ернет Мәлімбай құрлық чемпионы атанды.

Жамбы атудан Қазақстан Республикасының құрама командасының сапында Жамбыл облысының спортшысы Бақдәулет Бабажан жеңіс тұғырынан көрінді. Сондай-ақ, Универсиада ойындарында дзюдо күресінен абсолют салмақ дәрежесінде Қырықбай Ғалымжан да ел мерейін асқақтатты.Бұл медаль Универсиада ойындарындағы дзюдо күресінен Қазақстан тарихында тұңғыш және осы жарыстағы жалғыз алтын медаль болғанын да жамбылдықтар мақтан етеді. Пара пауэрлифтингтен Ерболат Карибай 49 келі салмақта жастар арасындағы Әлем чемпионатында үздіктер қатарынан көрінді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір