• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 04:28:50
Алматы
+35°

Дені саудың жаны сау. Ал дене сау болуы үшін оны үнемі жаттықтырып тұру қажет-ақ. Сондықтан спортпен кәрі демей, жас демей барлық жастағы ел азаматтары айналысуы керек. Президент Жолдауынан туындаған бұл міндеттің үдесінен шығуда Жамбылдағы спорт мектептері жүйелі жұмысымен көзге түседі, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Сонау 1980 жылы ЖақсылықҮшкемпіровтің Мәскеу төрінде Олимп шыңын бағындыруымен басталған Жамбылдағы спорт мектебінің даңқы бүгінде әлемге мәшһүр. Әсіресе күрес, бокс сынды спорт түрлерінен дараланған саңлақтардың сара жолы кейінгі жастарға үлгі, жерлестері үшін зор мақтаныш.

–Қазір облыста 48 спорт мекемесі жұмыс атқарады. Спорт түрлері бойынша 6 спорт клубы, «Бұқаралық-спорттық шаралар өткізу орталығы», «Жоғары спорт шеберлігі мектебі», «Олимпиада жеткіншектерін даярлау орталығы», «Тараз-Арена» спорт сарайы, «Облыстық мамандандырылған дарынды балалар мектеп-интернаты»,Талас ауданындағы «Дене шынықтыру-сауықтыру кешені», Қордай ауданындағы «Бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығы» сынды мекемелері және 35 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс жасайды. Өңірдегі 30 спорт мекемесі аудан әкімдіктеріне қарайды.

Жалпы, облыстағы спорт мекемелерінде спорттың 43 түрі қамтылған. Оның ішінде 24 олимпиадалық спорт түріне жатады. Ал спорттың 12 түрі олимпиадалық емес және қалған 7 түрі спорттың ұлттық түрін саналады. Бұл спорт түрлері бойынша 925 оқытушы-жаттықтырушы 25 068 шәкіртті баптайды. Мұндағы 16 136 спортшы жас ауылдағы спорт мектебінде тәрбиеленеді,–дейді облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков.

Талай тастүлекті қияға баптаған Тараз қаласы мен аудандарда спорттық секциясы бар 22 аула клубы жұмыс жүргізеді.Олардың жұмысына 48 жаттықтырушы мен 3000-нан астам спортшы тартылған. Сәйкесінше аула клубтары қала жастарының салауатты өмір салтын сақтап, бос уақыттарын спортқа арнауына мүмкіндік беретін орын ретінде қызмет көрсетеді.

Тәуелсіздіктен кейінгі жылдары Ермахан Ибрагимов, Бақтияр Артаев, Ғани Жайлауов, Зульфия Габидуллина, Ақжүрек Таңатаров, Елдос Сметов сынды жамбылдық спортшылар қазақтың аспан түстес байрағын жаһандық бәсекелерде биік көтерді. Бейбіт Ыстыбаев, Айбол Айтбек, Дәулетхан Жақыпов сынды спортшылар қазақ күресінде аңыз болып айтылатын есімдерге айналды. Сәйкесінше «Әулиеата»көкпар клубы мен «Айша бибі» қыздар су добы клубының атақ даңқы да алысқа кетті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір