• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
06 Желтоқсан, 13:56:30
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

22 Қазан, 2019 Аймақтар

Спорттық нысандар халыққа қолжетімді бола түсті

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ел тұрғындарының салауатты өмір салтын ұстанып, бұқаралық спортты дамытуға айрықша мән бергені мәлім. Өз кезегінде жергілікті жерлерде спортты дамытып, халықты бұқаралық спортқа көптеп тарту үшін тұрғындардың спорттық нысандарға қолжетімділік мәселесін жүйелі шешу қажет. Жамбыл облысында бұл бағыттағы жұмыстар жоғары нәтижеге ие, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Өңір тұрғындары арасында салауатты өмір салтын кең насихаттау арқылы олардың спортқа деген қызығушылығын арттыруға жауапты облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы өз жұмысында облыс әкімімен бекітілген 5 индикаторлық көрсеткішке қол жеткізуді мақсат етеді.

–Аталған индикаторлық көрсеткіштердің бірінде жергілікті тұрғындарға спорт нысандарына қолжетімді болуы көрсетілген. Ағымдағы жылдың 9 айында өңірдегі 2176 спорттық нысанға қолжетімділікті қамтамасыз ету жоспарланған. Ал бүгінде нақты 2406 нысанға тұрғындар үшін қолжетімді болып отыр. Аталған нысандарда тұрғындардың спортпен шұғылданудың арнайы кестесі де жасалып, олардың қызмет уақытысы, мекен-жайы сынды мәліметтер жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары мен және басқарманың, Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің ресми сайттарында жарияланған,–дейді облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков.

Спорт нысандарының халыққа қол жетімді ете түсуде білім беру ұйымдарының спорт залдарын оңтайлы пайдалану тәжірибесі қарастырылып жатыр. Бұл мақсатта облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт, білім басқармалары арасында және Тараз қаласы мен аудан әкімдіктері арасында 3 жақты Меморандум жасалынған.

Бүгінгі күнді жалпы білім беретін мектептердің көбіндегі спортзалдар жергілікті тұрғындардың спорттық нысандарға қолжетімділігін қамтамасыз еткенімен бұл көрсеткішті 100 пайыздық межеге жеткізу оңайға соқпай тұр. Себебі спорт нысандарының кейбірі әскери бөлімшелер мен әскери қалашықтарда, арнайы рұқсатты қажет ететін білім беру мекемелердің ғимаратында орналасқан. Дәл осы себептен де оларды халық кәдесіне толықтай жарату мүмкін болмай тұр.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір