• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:43:52
Алматы
+35°

Жамбыл облысында дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны 337 мың 3 адамға жетті. Сәйкесінше бұл өңірде Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауындағы бұқаралық спортты дамыту тапсырмасын тиянақты орындаудың барлық мүмкіндіктері бар екендігін көрсетеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бүгінде сала мамандары облыс тұрғындарының 30 пайызы салауатты өмір салтын ұстанатынын растайды. Әрине бір кездері чемпиондар ұстаханасы саналып, халықаралық спорттық аренада толайым табыстарымен қуантқан жамбылдықтар үшін бұл қалыпты көрсеткіш саналады. Әрі бұл көрсеткіштің нақты түзілгені көңіл қуантады.

–Өңірдегі дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын, саламатты өмір салтын өздеріне бала күннен серік еткен жастардың саны 147,8 мың адамды құрайды. Бұл өңірдегі 14-29 жас аралығындағы жамбылдықтардың 55,9 пайызы. Сонымен қатар, спортпен тұрақты шұғылданатын дене мүмкіндігі шектеулі азаматтар қатары бүгінде 3018 адамға жетті. Бұл өңірдегі жалпы дене мүмкіндігі шектеулі адамдардың 8,7 пайызына тең көрсеткіш.

Бұқаралық спортты дамытудағы негізгі көрсеткіштің бірі Жазғы спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы тестілерін тапсырушылар санының өсуін айтуға болады. Жыл басынан бері 392 мың 900 жамбылдық спорттағы ең жоғары сынаманы тапсырған, –дейді облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков.

Халықтың бұқаралық спортқа көптеп ынта танытуы үшін спорттық нысандардың қолжетімділігін арттыру басты мәселе. Ағымдағы жылмен келер жылды қоса алғанда облыс аумағындағы қоғамдық орындар мен аулаларда, саябақтарда 266 спорт алаңшасын салу жоспарланған. Оның ішінде 174 алаңшаны ағымдағы жылы пайдалануға беру жоспарланса бүгінгі күнге 112 спорт алаңшасы іске қосылған. Ал қалған 92 нысанның құрылысы келесі жылы аяқталмақ.

Халыққа қолжетімді орындарда спорттық алаңшалардың құрылысын жүргізуден Меркі ауданы көш бастап тұр. Есепті кезеңде мұнда 16 спорттық алаңша пайдалануға берілген. Сонымен бірге облыс орталығында да 14 жаңа спорттық алаң қала тұрғындарына қызмет көрсетуді бастады. Қордайлықтар да салауатты өмір салтын қалыптастыру ісінде жаңадан пайдалануға берілген 15 алаңшаның игілігін көріп жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір