• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
06 Желтоқсан, 06:51:49
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

22 Қазан, 2019 Аймақтар

2 жылда 28 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады

Бүгінде Жамбыл облысындағы спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселесі толығымен шешілген. Сондай-ақ жергілікті тұрғындардың қажеттілігіне таладу жұмыстары жүргізіліп тұрады. Осы жұмыстар нәтижесінде өңірдегі спорт саласы айрықша серпін дами түсті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл орайда спортшылар мен спортқа қызығушылығы жоғары тұрғындардың алаңсыз жаттығу жасауына қолайлы орта қалыптастыру ісі күнтәртібінен түскен емес. Бүгінгі күнге облыс әкімімен бекітілген облыстағы спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету тапсырмасының орындалуы 99,3 пайызды құрайды.

–Облыс әкімінің тапсырмасына сай басқарма тарапынан облыстағы спорт нысандарының қажеттілігіне талдау жасалып, спорт нысандарының құрылысын жүргізу картасы әзірленді. Картаға сәйкес облыс бойынша 2019 – 2021 жылдар аралығында барлығы 28 дене шынықтыру – сауықтыру кешенін салу жоспарланып отыр. Мұндағы Қордай ауданы мен Жамбыл аудандарының әрқайсысында 5 нысанның құрылысы жүргізілсе, Тараз қаласы мен Байзақ ауданында 4 нысаннан бой көтереді. Сондай-ақ Тараз қаласында гимнастикалық және жеңіл атлетикалық манеж құрылысын салу жоспары картаға енді. Тараз қаласы мен Жуалы ауданында 3 спорттық нысанды қайта жаңғырту жұмыстары жоспарланып отыр, –дейді облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков.

Тараз қаласындағы арқынды құрылыс алаңына айналған «Жастар» стадионын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақындап қалды. Бұған дейін тек футбол алаңы ретінде кәдеге жараған стадионда алдағы уақытта көгалды хоккей сынды спорттың сирек түрімен айналысуға да мүмкіндік берілмек. Сонымен қатар, Жамбыл ауданы, Аса ауылында жобалық-сметалық құны 594 миллион 600 мың теңге болатын дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде. Мұндай кешеннің жұмысы Шу ауданының орталығы Төле би ауылынан да салынып жатыр.Нысандардағы құрылыс өтпелі болғандықтан ондағы құрылыс-монтаж жұмыстарын 2020 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Өз кезегінде бұл нысандардың барлығы дерлік пайдалануға берілгеннен кейін жергілікті тұрғындардың спорттық нысандарға деген сұранысын қамтамасыз ететін болады.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір