• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:32:01
Алматы
+35°

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "қазақ қазақпен қазақша сөйлесу керек" дегенін 3 жасар қыз қайталады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Орысша сөйлеген анасына ескерту жасаған 3 жасар қыздың есімі Назым. Оның айтқан сөзі әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Аудиодан Назымның анасына ескерту жасап жатқанын байқауға болады. 

Назым

"Неге орысша сөйлейсің? Сен қазақсың, Дина да қазақ. Сол себепті қазақша сөйлеуің керек. Сен неге орысша сөйлейсің?", - деп Назым анасы Зүриятқа ескерту жасаған. 

Назарбаевтың бұл сөзі қөп жылдан бері айтылып келе жатса да қазақ бола тұра, бір-бірімен орысша сөйлесіп, орыс тілінде баяндама жасайтын шенділердің саны азаймай тұр. Десе де қазір бұл сөзді жас ұрпақ айтатын күнге жеттік. Әрине, бұл қуанарлық жайт.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір