• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:12:00
Алматы
+35°

Түркістан облысы мен Шымкент қаласында әкімдіктің екі бірдей қызметкері пара алды деген күдікке ілінді. Олардың бірі – бөлім басшысы, ал екіншісі – ауылдық округтің әкімі.

"Шымкент қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сауда жасауға рұқсат беру және кәсіпкерлік қызметке жалпы қамқорлық жасау үшін азаматтан жалпы сомасы 65 мың теңге алды деген күдікке ілінген Әл-Фараби ауданы әкімдігі кәсіпкерлік бөлімінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады", – деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін Түркістан облысы, Жетісай ауданы Қызылқұм селолық округінің әкімі де күдікке ілінді. Ол жеке тұрғын үй құрылысына жер телімін беру үшін 500 мың теңге сомасында пара алды деп айыпталып отыр.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдіктілерге қатысты соңғы шешімді сот шығарады.

 

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір