• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:42:39
Алматы
+35°

Жаңа  дәуірдің бірінші ширек ғасырында қазақ елі бастаған соны үрдіс, тың идеалар: халық аралық келісім, ынтымақтастық шаралары - әлемдік үдеріске айналып, ұлы дала дипломатиясының шынайылығын  дәлелдеп берді, әлемге мойындатты. Алайда ұлы даланың байырғы елінде тәуелсіздіктің ұлы мақсаты - ұлт мұраты айқындалмады. Яғни көшпенділер өркениетіндегі отырықшы мәдени-өркениетті бұрмалап, көш артындағы сорлы халық қамытын кигізіп қойғысы келетін отаршыл империяның сабырынан сытылып шығу тәуелсіздігіне толық жетпеген халықтың мұң зары асқынды...

Мәселенің анығы  XXI ғасырдың екінші ширегі тәуелсіздіктің ұлы мақсаты - ұлт мұраты  айқындалатын  алтын ғасыр болып қазақ тарихынан орын алатын сындарлы кезең. Бұл - кезі келіп, уақыты жеткен тарихи кезең ақиқаты, ғасыр үдерісі, қоғамдық өмір талабы. Тұтастай алғанда тәуелсіздіктің ұлы мұратын шынайы сезінген, оған қоғамдық өмірде қолы жеткен халық қана ұлы мақсаттарды бағындыра алатынын билік мойындайтын, мойындап қана қоймай жүзеге асыратын кез. Бұл өз елі, өз жерінде отаршыл империяның сұмырай саясатының құрбаны болып, халқының 70 пайыз адамынан айырылған, адамзат қоғамындағы ең үлкен геноцидті бастан кешірген қазақ халқының рухани жаңғыру, ұлттық кемелдену кезеңі болуы тиіс...

Ақиқатында сана тәуелсіздігі, рух тәуелсіздігіне қол жеткізе алмаған ұлттың, тәуелсіздіктің ұлы мұратын сезіне алмауы: мүлгіген тыныштықтың күшті дауылын тудыратын ақиқат екенін тарих бізге соңғы рет қатаң ескертіп отыр. Кез-келген санасыз ұйымдастырылған, көтерлістің артында арандатушылық пиғылдар болатыны және оның ел тұрақтылығы, мемлекет құзыреттілігіне төндіретін қаупі, оның салдары тәуелсіздіктен айырылуға алып келетіні адамзат тарихында сан-мәрте дәлелденген ақиқат. Ал бүгінгі ақиқат - кеңес дәуірінен мұраға қалған, ұлттық мүддеге, ел дамуына кедергі жасайтын кері тартпа идеологиялар және осы идеологиялық саясат құрбандары, яғни санасы тәуелді, рухы әлсіздер мен арандатушылар алаңына айналған елдің шарасыз тағдыры...  Бұлар: біріншіден, білімді, бірақ білімі ұлт мәдениетімен орнықпаған, яғни тектік болмысы күмәнді тұлғалар; екіншіден, тұлғалық болмыс, мәдени ұстанымы жоқ тобырлық топтар мен арандатушылар құрбанынына айналған сатқындар. Ащы шындық ақиқаты осы... Ұлттық құндылықтарды алға бастырмайтын, бюрократтық жүйені қозғалтпайтын, жемқорлықтың аранын ашатын, ұлттық сананың мысын басатын, өз санасындағы аға ұлттың сойылын соғып өз ұлтына шекеден қарайтын, дұрысы қоғамдағы қайшылықтардың түп тамыры осылар. Бұл халықтың традегиясы, асқынған жарасы, жан айқайы, кешегі Алаш арыстарының аманаты, тұтастай алғанда бүтін ұлттың, тәуелсіздіктің ұлы мұратын сезіну динамикасы.

Көріп отырғандай біз айтар ойдың атауын  «Үшінші мың жылдықта, мәдениеттер бәсекелестігіне төтеп бере алатын ұлттар ғана елдігін сақтап қалады немесе Батыс, Еуропа жаңа мыңжылдықта Еуразияны төрге шақыруға мәжбүр!» дедік. Бұл кездейсоқ сөз тіркесі емес. Дұрысы өркениет көшін Еуразияға бұрған ғасыр ақиқаты. Яғни ғасырлар тоғысы өз таңдауын жасады. ХХ ғасырдың екінші жартысында батыстан көшкен өркениеттің, қаржы ағымы - шығыс елдері: Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Сингапур, Малайзия елдерінің индустриялды экономикалық қарқынды дамысымен әлем елдері назарын аударып, үшінші мың жылдықта Еуразияға табан тіреді. Бұл – Алланың сыйы. Еуразия халқына тапсырған аманаты. Ал, мұндай аманатты арқалау үшін – жалпы қоғамға қажетті тың идеялардың орайын келтіріп ұқсата өркендететін, ұлы мақсаттарды жүзеге асыратын ұлы дала елі анықталды, еуразияның жаңа астанасы ұлы далада салтанат құрды. Бұл кім көрінгеннің талқылап жататын жел өсегі емес, ғасырлар тоғысынының ақиқаты, тарихи өмір шындығы.  Олай болса XXI ғасырдағы Алланың сый еткен аманаты, ғасырлар тоғысы жасаған  таңдау, жаңа мыңжылдықта батыс пен  еуропаның төрге шақыруға мәжбүр болып отырған қазақ елі екені де ақиқат. Мұндай ұлы ақиқатты мойындағысы келмейтін арандатушылар мен мойындай алмайтын  әлсіз шен-шекпенділер, шолақ белсенділер - мәдениеттер бәсекелестігіне төтеп бере алатын ұлттар ғана елдігін сақтап қалатын ғаламдану дәуірінің аманатын мойнына алған ұлы дала елінің тілі, мәдениеті, өркениетті өнегесін бұрмалап, жоққа шығарып, бұғақтап отыр. Міне бұлар біздегі қоғамдық өмірдегі ұлттық мүддеге байланысты ақиқаттар. Ал кәсіпкерлікке байланысты ақиқат қандай?

Ауыл халқы үшін бірінші тіршілік көзі мал және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуде ескі мен жаңаның үйлесімді нарқын жүйелі түрде өркендету заман талабы, ұлттық серпіліс көзі. Алайда ауылдық жердегі жайлымдық жердің көбі белгісіз шенеуніктердің жеке меншігінде болғандықтан олардың ата кәсібін дамытуды қойып қолдағы 4-5 малын шығаратын жайлымы, шабындық жері жоқ. Ол ма олардың күн көрісін жасап отырған 4-5 малын ауру шықты деп, аз-маз ақша төлеп алып кететіндер, анда-сонда керегін алып тұратын ұрыларға ешкімнің шамасы келмейді. Қазіргі  шағын және орта бизнесті дамытуға қолдау көрсетуге бағытталған құзырлы органдар мен бөлінген қыруар ақша іс жүзінде ежелден келе жатқан кәсіп орындар мен монополияларға қызмет жасайтыны да бір жағынан ол көптеген қабаттасқан  құзырлы органдардың өздері де сол  қыруар ақшамен қаржыланып отырғаны жасырын емес. Ал өз кәсібін бастауға қарапайым халыққа өндірістік орын, қаражат, жер телімдерін алу ілеуде біреу ғана. Ауыл адамдарының ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, өндіру мүмкіндігі шектеулі, яғни халықтың нарықпен, нарықтың халықпен шаруасы жоқ қоғам іспетті. Мұндай қоғамда нарықтық бәсеке туралы айтатын догматтар халықтың мемлекетке деген сенімі, отанға деген құрметіне қаяу салды, мезі қылды. Ана тілі отбасылық қана қауқарлы, көшеге шықса мүгедек, ал құзырлы органдар есігін ашса мазақ. Сонда байырғы халықтың таза қанды мал тұқымын құрту, халықтың санасын тәуелді ету арқылы рухын әлсірету, лажсыз күйге қалдыру кімге керек болып отыр? Жоғарыда бүгінгі ақиқатта айттық...

Кеңестік идеология - адами құндылық, ұлттық құндылықтар мен салт-сана, ғұрыптарға қарсы құрал ретінде еңбек ету және сол еңбегінің өніміне қарай өмір сүру қағидасының мәнін өзгертті. Олар еңбек нарқын орталықтандырып шенеуніктерге тәуелді жүйесін құру арқылы бюрократизм мен жемқорлықты күшейтіп, халықты шарасыз, немқұрай, яғни тобырлық сипатқа, басыбайлылыққа, құлдық санаға бейімдеу идеологиясын жүзеге асырды. Біріншіден, қабаттасқан  қыруар әкімшілік жүйе; екіншіден, ұлттық мүдде, болмысқа кедергі жасайтын кері тартпа идеологиялар, қағаз басты қабаттасқан заңдық нормативтер; үшіншіден, құлдық сана, жағымпаздық, сатқындық сияқты тексіздік сарындары басым адамдардарды лауазымды қызметке көтеру, талантты, талапты, интеллектуалды, білімді ұлт патриоттарын биліктен шектеу арқылы іштей ірітетін кеңестік миханизмді күшейту. Құлдық сана ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын генофон вирусына айналғаны сондай құзырлы органдағы көптеген шенеуніктер өз қалауындағы аға ұлттың, арандатушылардың, ұлттық мүдде және шынайы кәсіби мүмкіндіктерге қарсы саяси жымысқы пиғылдарына көз жұма қарап отыра береді. Шындығы қолдайды...  Нәтижесінде экономикалық саясаттың құрбанына айналған үрдістер қаншама?! Жуықта ғана ұлы дала елінің ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, экспорттық әлеуеттін арттыру, бір сөзбен айтқанда қазақ елі брендтерін халықаралық стандартқа сәйкестендіру, ұлттық сертификатын айқындау мақсатындағы кәсіпкерліктің тамырына балта шабу мақсатында шағын өндірістер, шаруа қожалықтарының тауар өндіру мүмкіндігін шектеу туралы заң қабылдау керек деген астыртын пиғылдағы баяндаманы тыңдаған конференция ұйымдастырушылары оны бір ауыздан  мақұлдады. Саяси ойыншылардың сылтауы Еуразиялық одаққа стандарт, техникалық регламенттері сәйкеспейтін тауар өндіретін  шаруа қожалықтарына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, олардың тауарларын тұтынуға болмайтынын түсіндіру керек мыс...  Тағы бір мысал: жоғарыда XXI ғасыр Еуразияны таңдады, яғни өркениеттер тоғысы ұлы дала еліне тоқталды дедік. Олай болса жаңа ғасырда халықаралық дипломатиялық қатынастар, іскерлік қатынастар, туристік торабы да осы өлкеде болатыны рас. Әлем халықтары осы ұлы мұратты мойнына алған елдің тарихи тамыры, мәдени өркениеттілігін, тылсым табиғи болмыстарын, қоғамдық өмір салтын көруге мүдделі. Бұл үдерістің айнасы ұлттық туризм инфрақұрылымы екенені рас. Ал бізде ұлттық бірегей құндылықтар,  мәдени үрдістердің ізіде көрінбейтін, сөйте тұра әлемде жоқ баға ұсынатын туристік қызметте ұлттық туристік инфрақұрылым және   инновациялық менеджмент имиджі қалыптаспады. Біз импортты алмастыратын «Ұлы дала елі» бренд тағам, ас-суларының  ұлттық-экономикалық сауда белгісін еңгізу, жаңа стандарттар мен техникалық регламент талаптарын әзірлеу және сынақтан өткізіп, қолданысқа еңгізу арқылы ұлттық кәсіпкерлердің дамуына жол ашу мақсатындағы инновациялық, инвестициялық жобаны облыс, аудан әкімдері мен шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында құрылған құзырлы органдарға қабылдата алмадық.

Енді не істемек керек?! Байырғы  халықтың өз жерінде қожайын болып, өз-өзіне, еліне жеріне еңбек ету құқын қамтамасыз ету үшін ауылдағы жер шенеуніктерден алынып ауыл халқы, ауыл әкіміне берілуі керек. Аудан, ауыл әкімі өз ауылында құзыретті қожайын, және мемлекет пен халық алдында сол жер, халқы үшін басымен жауап беретін тұлға ететін заңмен бекітілуі тиіс. Олар білімі ұлттық мәдениетпен орныққан интеллектуалды, берік ұстаным, талғам-таразысы нық рухани сауатты тұлға болуы тиіс, яни мүлгіген талғамсыз орындаушы құлдық сананың құрбаны болмауы шарт. Ауыл деген шикізат өнімдерін дайындау, қайта өңдеу, тұтыну тауарларын ірі мегаполистер мен экспортқа  жөнелтудің бір сөзбен айтқанда қазіргідей мүлгіген ұйқының емес қайнаған еңбекттік сахнасын сомдауы керек. Яғни еңбек нарқын қазіргідей шенеуніктерге тәуелді болудан біржола азат етіп, халықты жаппай еңбек нарқына жұмылдыра отырып, оларға мүмкіндік жасай отырып, отандық тауар өнімдерін экспорттаудың  логистикалық жүйесін құру міндеті тұр. Міне сонда ғана халық шарасыз жағдайдан, жұмыс жоқтықтан, көш артындағы сорлы халық қамытынан құтылмақ! Ұлы Абайдың туған халқын еңбекке, кәсіпке баулу, көш артында емес, көшбасшы ету аманатын орындау ұлы мұраты тұр.

Экономикасы артта қалған қара қытайды жарты ғасырда әлемдік көшбасшы еткен бар болғаны осындай ғана қарапайым жаппай еңбек және логистикалық жүйе екенінін ашық мойындайтын кез келді. Миллиардтан асатын қытай халқы  өз-өзін асырап қана қоймай мемлекеттің экономикасын толтыруға үлес қосады. Ал мемлекет оларға кәсіппен айналысуға іс жүзінде шынайы мүмкіндік жасайды. Бар болғаны осы. Жапония, Корея, Швеция сияқты т.б. еуропа елдерін алып қарасақ та, жерінде байлығы жоқ, алайда халқы кәсіби сауатты, еңбекқор. Ал мемлекеттері оларға ғылым, білім, ең бастысы кәсіби біліктілік алу, кәсіппен айланысуына, өз елі өз жерінде өз-өзіне қожайын болуына мүмкіндік жасаған. Рас қағаз жүзінде мұндай үрдістер бізде де бар, алайда қоғамдық өмірде әкімдіктер мен оның аяғындағы әлсіздер кәсіби білікті кәсіпкерлікті есігінен де қаратпайды. Қоғамның шынайы бейнесі осы-ғана. Кез келген артта қалған елдерде бір ортақ ақиқат бар. Ол халқын мемлекетке тәуелді ету, яғни мемлекетке масыл болдыру. Мұндай елдің әлеуметтік проблемалары еш уақытта да шешілмейтіндіктен, ол елдің экономикасы да тығырықтан шықпайтынын  қазіргі әлемде экономикасы артта қалған, өте-мөте кедей, шарасыз күйде отырған 70-тен аса елден көруге болады.

Мемлекет ауыл және ел, өнеркәсіп және ұлттық өнім, ұлы дала брендттері бағдарламасын жасайтын кез келді!  Ол үшін коорпороциялауды тұрғындары шамадан тыс аз қалған ауылдарды біріктіру, оларды көшіріп, қоныстандыруға қаражат бөлу, ел көлеміндегі мегаполистер - іргелес елді мекендермен арнайы экономикалық аймақтық ауыл жүйесі қазақстандық нарықтық моделін қалыптастыратын, мемлекеттік жаңа тұрпаттағы даму картасын жасаудан басталу керек.  Себебі жаңа ғасырдағы әлемдік ақуал азық-түлік қауыпсіздігіне тікелей байланысты екені даусыз. Ал бұл үдеріс Еуразияның ұланғайыр шұрайлы даласында жатқан қазақ елі үшін үлкен мүмкіндік. Ұлы дала еліне өзін асырап қана қоймай әлем халықтарының азық-түлік қауыпсіздігіне оң ықпал жасау арқылы экономикасын толтыруға, халық бақуатты өмір сүруге қыруар мүмкіндік өзі-ақ келіп тұр. Яғни әлемдік азық-түлік қауіпсіздік динамикасының бізге беріп отырған үлкен мүмкіндігін аса тиімді пайдалану арқылы ел экономикасы шикізат тасымалдаушыдан тұтыну тауарларын өндіруші жаппай кәсіптік еңбек нарқына көшіру еліміздің саяси-экономикалық жол картасына айналуы керек.  

Бұл халықты мемлекетке тәуелді болудан, мемлекетке масыл болудан азат етудің бірден-бір шарты! Үкімет, Парламент, Қоғамдық ұйымдар осы мәселелерді талқыға салып, қалыптасқан жүйені оңтайластыру қажет болып отыр.

Сансызбай Өнерхан
«Kult.fora» Рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтар» ҚҚ  төрағасы,
«Национальный центр полноценного питания и продления жизни «Ас-Арқау»
иновациялық, инвецтициялық жобасы жетекшісі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір