• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 22:19:14
Алматы
+35°

Армения, Қырғызстан, Ресей көліктерін 1 қаңтардан бастап тұрақты тіркеуге қою міндеттелуі мүмкін деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазақ радиосы сайтына сілтеме жасап.

Қазір көлік саласындағы заңнамаға өзгерістер мен толықтыру енгізу жұмысы қолға алынған. Бұл туралы Қазақ радиоларының Жаңалықтар қызметі хабарлады. Көлік тасымалы туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қолға алған депутаттардың бірі Павел Казанцев кедергілердің барлығы жойылды, енді бұл мәселені реттеуге болады деген пікір айтқан. Айта кету керек, бір топ Мәжіліс депутаты бұл мәселені бұған дейін де реттемек болған. Атап айтсақ, жыл басында «Көлік тасымалы туралы» заңға өзгерістер мен тоқытырулар енгізілдді. Алайда ол кезде шетелден келетін көліктерге қатысты нормада депутаттар мен мемлекеттік органдар ортақ ұстанымға келе алмаған.   

«Ол кезде бізде күш-құрылым органдары мен мемлекеттік мекемелердің және арнайы қызметтердің базасын сәйкестендіру мүмкіндігі болмады. Қазір бұл мәселе шешілді, яғни база сәйкестендірілді. Енді біз сырттан заңды түрде көлік алып келіп жүрген азаматтардың құқығын бұзбастан жаңа тәртіпті ақырындап енгізе аламыз»,- дейді депутат Павел Казанцев.

Парламент Мәжілісі депутатының айтуынша елге кірген шетелдік көліктерді міндетті тіркеудің мерзімі 10 күн болып бекуі мүмкін. Осы және өзге де жаңашылдықтар заңға биыл енеді деп жоспарланған. Демек 1 қаңтардан бастап шетелдік көліктерге қатысты нақты құқықтық тетіктер жұмыс істей бастайды.  

«Бұған дейін талқыға түскен нормалардың мазмұны аздап өзгерді. Қараша айында заңға өзгеріс енгізу бастамасын көтереміз. Олар қабылданса 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Ол бойынша тіркеу бірден жүзеге асады, яғни келген көлік құқықтық тұрғыдан реттеледі. Ал тұрақты тіркеу 10 күннің ішінде рәсімделуі керек деген бастама талқылануда. Бірақ мұның барлығы әзірге талқыланып жатқан мәселелер»,-дейді Павел Казанцев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір