• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 07:27:50
Алматы
+35°

Алматы облысындағы Садыр ауылы маңында жер сілкінісі тіркелді. Жергілікті тұрғындар жер асты дүмпулерін сезбедік деп хабарланған.

Қазақстандық сейсмологтар эпицентрі Алматыдан 280 шақырым жерде орналасқан жер сілкінісін тіркеді деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды

Жер асты дүмпулерін сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедицияның сейсмикалық станциялары мамандары тіркеді. Жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 8.15-те болды. Оның эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 280 шақырым жерде орналасқан.

Мамандардың мәлімдеуінше, жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,1. Магнитудасы – 4,3. Тереңдігі – 15 шақырым

Еске салсақ, бірнеше күн бұрын Түркістан облысында жер сілкінісі болып, оның магнитудасы 3,8 болды.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір