25 Қазан, 2019 Денсаулық
Ресейлік дәрігер-диетолог, медициналық ғылымдар докторы, профессор Алексей Ковальков адам денсаулығы үшін аса қауіпті азық-түлікті атады.
Шетелдік мамандардың зерттеуіне назар аударсақ, ішетін тағамыңыздан тазартылған ұн, шұжық өнімдері, майсыздандырылған сүт өнімдері және жартылай дайын өнімдерді алып тастауға кеңес береді.
Алексей Ковальковтың пайымынша, қатып қалған тізім жоқ. Мысалы, шұжықты үйде консервантсыз және дәмді күшейткіштерді қоспай әзірлесеңіз, ағзаға зияны болмайды.
Дәрігердің айтуына келсе, барша адамға зиян тек бір ғана азық-түлік бар.
"Адамдарды өлтіретін бір азық бар, ол – қант. Қазір адамдар қантты өте көп жейді. Бірақ, бұл туралы ешкім айтпайды, себебі бұл алып индустрия", – деді ол.
Сондай-ақ А.Ковальков соңғы уақытта қант диабетіне шалдығу жиілеп кеткенін атап өтті.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір