• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
15 Қараша, 03:31:12
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

25 Қазан, 2019 Тарих

Сүйінші! Ақтөбе облысынан алтын адам қорғаны табылды! (фото)

Ақтөбе облысынан сүйінші хабар жетті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл жақсы жаңалық туралы Kazmuseum.kz сайтының парақшасында хабарланды. 

"Темір ауданының Тасқопа елді-мекенінің маңынан б.з.д. V ғасырда алтын киіммен жерленген сармат көсемінің қорғаны табылды.

Кезекті «Алтын киімді көне ескерткіш» - Ақтөбе өңірінің ғана емес, бүтін қазақ елінің тарихында ерекше орын алатын тарихи құндылық.

ақтөбедегі алтын адам

Кешегі Есік қаласынан, Шығыс пен Атыраудан табылған көне ескерткіштердің жалғасы бүгін Ақтөбе жерінен де көрініс берді. Бұл дегеніміз сол заманда қазақ жерін мекендеген бабаларымыз өркениеттің жоғары сатысында өмір сүргендігін көрсетеді.

Бұл қойнауы құтты, тарихы тереңде жатқан Ақтөбе өңірінен табылған құндылықтардың бастамасы ғана деп білеміз.

ақтөбеде алтын адам

Мұндай тарихи жәдігерлер әлі де көптеп табылып, Дүние жүзінің алдында Қазақ елінің мәртебесін көтереді деп сенеміз" делінген жазбада. 

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір