• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 03:10:24
+35°

Бүгін Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында  заңсыз шеру өткізуге тырысқандар болды. Бұл жайында ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"26 қазанда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында рұқсат етілмеген митинг өткізуге тырысқандар болды. Бас прокуратураның заңсыз митинг туралы бірнеше мәрте ескертуіне қарамастан кей азаматтар заң талабын орындаудан бас тартты. Қазіргі уақытта полицияға мән-жайды анықтау және әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесін қарастыру үшін 26 адам жеткізілді. Ішкі істер министрлігі құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында азаматтары арандатушылық үндеулерге ермей, экстремистік ұйымның заңсыз акцияларына қатыспауға шақырады", – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Ішкі істер министрлігі азаматтарды арандатушылыққа бой алдырмай, экстремистік ұйымның заңсыз акцияларына қатыспауға шақырды.

Еске салсақ, кеше Бас прокуратура "Қазақстанның демократиялық таңдауы" экстремистік ұйымының наразылық акцияларын ұйымдастырушылар мен оған қатысушыларға заңмен белгіленген тәртіпте қатаң шаралар қолданылатынын хабарлаған еді.

Бас прокуратураның хабарлауынша, заңсыз акцияларға қатысу фактілері расталған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 488-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылған (50 АЕК-ке дейін айыппұл (126 150 теңге), 15 тәулікке дейін қамаққа алу).

Ал қылмыстық кодекстің 400-бабы бойынша 200 айлық есептік көрсеткішке дейін (505 мың теңге) айыппұл немесе 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы белгіленген.


"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір