• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
07 Желтоқсан, 04:49:51
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

28 Қазан, 2019 Спорт

Қанат Ислам жекпе-жектің жартысынан бастап сынған қолмен жұдырықтасқан

Кеше ғана намибиялық Уолтер Каутондокваны жеңген қазақстандық боксшы Қанат Ислам соңғы төрт раундта сынған қолмен жұдырықтасқан деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

26 қазанда Алматыда Балуан шолақ атындағы спорт сарайында өткен бокс кешінің басты кездесуінде қос боксшы WBO International белбеуі үшін жекпе-жекке шықты. 10 раундқа созылған жұдырықтасу қорытындысы бойынша, төрешілер жеңісті (97-92, 97-92 және 99-92) Канат Исламға берді. Кездесудің бесінші раундында қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға түсірді.

Боксшының командасының өкілдері жетінші раундынан бастап Қанат Ислам жекпе-жекті шынашағы сынғанына қарамастан жұдырықтасқан. Сол себепті ол қарсыласына ауыр соққы дарыта алмаған. Жекпе-жектен соң боксшының қолына гипс салған.

қанат ислам

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір