• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 18:58:48
Алматы
+35°

Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров KazMedConsult компаниясының директоры Кевин Фрикпен жедел медициналық көмек қызметін модернизациялау мәселелерін талқылады, – деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

«Жедел қызметті» модернизациялау жобасы медициналық көмек көрсетуге халықаралық стандартты енгізуді жобалайды.

Бұлардан өзге, диспетчерлік қызметті модернизациялау, сонымен қатар сараптама мен Big data өндеуінің негізінде процестің сапасын арттыру құралдарын қолдану талқыланды.

Жедел қызметті модернизациялау ауруханаға жатқызудан бастап емдеуге дейінгі кезеңдердегі медициналық қызметтің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

«Сапалы медициналық қызметтер – Алматыны дамытудағы негізгі басымдықтардың бірі. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев бұл мәселеге ерекше назар аударады. Оның тапсырмасы бойынша біз барлық медициналық мекемелерге аудит жүргіздік, нәтижесінде қала ауруханалары мен емханаларының жоғары нүктелі құралдармен жабдықталуы 60%-ке жуық екені анықталды», – деп хабарлады Е. Бабақұмаров. Сонымен қатар, ол 2022 жылдың аяғына дейін қала медмекемелерінің жабдықталуы кемдегенде 90%-ды құрайтынын атап өтті.

К. Фриктің денсаулық сақтау саласында, консталтингте, стратегиялық дамуда және бизнесті дамытуда көпжылдық менеджерлік тәжірибесі бар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір