• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 14:48:09
Алматы
+35°

Үндістаннан келген 8 жұмысшы құрылыс нысанында төбелес шығарды, – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды, Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департаменттің мәлімдеуінше, жатақхана аумағында Үндістан азаматтары арасында төбелес болған.

Оқиға салдарынан үш адам жарақат алған. Ал "Есіл" ауданының полиция басқармасына 8 шетелдік жұмысшы жеткізілген.

Полицияда құрылыс нысанының атауын нақтылаған жоқ. Қазіргі уақытта бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің "Бұзақылық" бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ал кінәлілерге екі мың айлық есептік көрсеткішке дейін (5 миллион теңгеден астам) айыппұл салынуы немесе 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасы қарастырылған. Сондай-ақ дәл осы мерзімге бас бостандығынан айырылуы да мүмкін.

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір